Қоғам • 21 Шілде, 2020
Емхана дәрігерлерінің бақылауында
Қазіргі кең жайылған індетті жамағандардың 80%-дан көбі вирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне ұшыраған. Мұндай науқастардың жағдайы ауырлап кетпеуін емхана дәрігерлері қатаң қадағалап отыр.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Карантиннің сақталуы қатаң бақылауда
Індеттің тез таралуын тежеу үшін карантин режімі енгізіліп, оның қатаң сақталуын арнайы мониторигтік топ бақылауына алды. Өңір-өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан арнайы топ санитарлық нормалардың бұзылғаны туралы бірқатар факті тіркеді.
Қоғам • 17 Шілде, 2020
42 500 теңгеге өтінім қабылданады
Карантин режімі шілденің соңына дейін созылуына байланысты мұқтаж жандарға төленетін 42 500 теңгеге бүгіннен бастап өтінім қабылданады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Үкімет • 16 Шілде, 2020
Дәрі-дәрмек жібергені – көп көмек
Қалыпты тіршіліктің шырқын бұзған Covid-19 індеті – жер жаһанның басына түскен зауал. Сондықтан әлем елдері обамен бірігіп күресіп, шамасы келгенше бір-біріне көмек көрсетуден аянып қалған жоқ. Осынау сын сағатта Қазақстан да шет мемлекеттермен тығыз байланысын үзбей, індетке тойтарыс беруге барынша тырысып жатыр.
Үкімет • 10 Шілде, 2020
Көмек қолын созған мемлекеттер бар
Қазіргі алмағайып кезеңде көңілі алаң ағайынды түрлі алыпқашпа әңгімелер арандатып жатыр. Сондықтан халыққа дер кезінде дұрыс кеңес, шынайы ақпарат тарату – аса маңызды. Осыны қаперде ұстаған Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын күйіп тұрған мәселелер бойынша нақты мәлімет беруге тырысып жатыр.
Коронавирус • 08 Шілде, 2020
Жау жағадан алғанда... Жағдайды алыпсатарлар да ушықтырып отыр
Өкінішке қарай індет өршіген еліміздегі ахуал оңалар емес. Күннен-күнге кеселге ұшырағандар күрт көбейіп, кесірінен ажал құшқан ағайын да аз болмай тұр. Қазір жаманат дертті жамағандар 50 мыңға жетіп қалды. Бұл – ресми есеп қана. КВИ жұқтырғандардың саны ресми деректен әлдеқайда көп болуы әбден мүмкін. Мұны Денсаулық сақтау министрінің өзі де мойындап отыр.
Экономика • 07 Шілде, 2020
Індет өршіп тұрған шырғалаң шақта дәрі-дәрмек құнының шарықтағаны халықтың ашу-ызасын тудырды. Көпшіліктің шағымын назардан тыс қалдырмаған Мемлекет басшысы негізсіз баға көтеру фактілері бойынша шұғыл түрде қатаң шара қабылдауды тапсырды.
Парламент • 03 Шілде, 2020
Төтенше жағдай режімі тоқтағаннан кейін қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмай, індет ырыққа көнбей барады. Осыны назарға алған Президент эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Үкіметке шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. Соған сәйкес Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күн шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Дәріхана алдындағы дүрбелең (Дертіне дауа іздегендер дәрі-дәрмек таппай жүр)
Қазіргі шырғалаң шақта дертіне дауа іздеп, дамыл таппай дәріханалардың алдын тоздырған жұрттың қатары күрт көбейді. Шектен тыс сұраныстың артуынан дене қызуын түсіретін дәрілерге қол жеткізу шетін мәселеге айналды. Екі күн бұрын індетке қарсы шаралар пысықталған кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметке дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бес күннің ішінде шешуді тапсырғаны дәтке қуат болып тұр.
Оқиға • 30 Маусым, 2020
Арақашықтықты сақтау – ағайыннан алшақтау емес
Кеше Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізіп, жұмысына салғырт қараған бірнеше әкімге ескерту жасап, сөгіс берді. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқан науқастардың саны 600-ге жуықтап қалды. Бұл – індеттің белгілері байқалып, денсаулығы сыр бергендердің ғана есебі. Мұның сыртында симптомсыз дертке душар болғандар күніне мыңнан асып жығылады.