Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында коронавирус жағдайына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова, Зертханалық қызмет бойынша Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Жанар Сүлейменова қатысты.
Технология • 22 Маусым, 2020
«Халықтық бақылау» жобасына қосылды
Қазақстанның жеті өңірінің 36 кәсіпорны «Халықтық бақылау» жобасына қосылды, оның негізгі мақсаты өндірістегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту болып табылады.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Біз «жақын» деген сөзді тек туған-туыстарға қаратып айтатын болған сияқтымыз. Ал сізбен әріптес, сапарлас, пікірлес болған жандарды неге жақын деп есептемейміз. Олармен ойыңыз ортақ, мұратыңыз мүдделес болса, неге жаныңызға жақын тартпайсыз? Жақын деген сөз тек арақашықтық өлшемі ме? Бәріміз бір аспанның астында өмір сүріп жатқандықтан, бір-бірімізге жақынбыз. Сондықтан да тайып бара жатқанға таяныш, сүрініп кеткенге сүйеніш болу адами парызымыз емес пе?! Әсіресе, қазіргі індет іргемізге ұя салған қиын-қыстау шақта жан-жағымызға жанашырлық таныту аса маңызды.
Қоғам • 12 Маусым, 2020
Санитарлық нормалардың сақталуын тексерді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтермен бірлесіп, кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейдтер жүргізеді.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Кәсіпкерлік негіздерін игеруде
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені анық. Осы бағытта орындалып жатқан оңтайлы жұмыстар да жетерлік. Соның бірі – «Кәсіпкер ана» жобасы десек қателеспеспіз.
Қоғам • 10 Маусым, 2020
Сіз үшін отбасы нені білдіреді?
Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» отбасы институтын зерттеу орталығы 2020 жылдың ақпан-наурыз айларындағы «Қазақстандық көпбалалы отбасылардың жағдайын және дамуын зерттеу» деп аталатын зерттеу деректерін жария етті.
Саясат • 09 Маусым, 2020
Ана мен баланы қолдауға – 190 млрд
Биыл қаңтар-сәуір аралығында балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 190 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілген.
Қоғам • 08 Маусым, 2020
26 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 3 096 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 26,3 мың жұмыс орны құрылған.
Қоғам • 04 Маусым, 2020
ҚМДБ: Карантин кезінде 320 онлайн дәріс өтті
Наурыздың басында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі төтенше жағдай талабын ескере отырып, мүфтият тарапынан жүргізіліп келген дәрістерді онлайн режимге көшіру жайлы тапсырма берген болатын. Соған сай Діни басқарма жанындағы «Хикмет» студиясы төтенше жағдай кезінде елге белгілі имам-ұстаздардың дәрісін онлайн таратуды бастап кетті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Қоғам • 04 Маусым, 2020
Талпақтанауға наразылық күшейіп тұр
Жақында Павлодар қаласының тұрғыны, журналист Бейбіт Бөжен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына «Үміт апаның аруағын қорлатып қоямыз ба?!» деген тақырыпта жазба жариялаған болатын. Мәселенің мәнісі былай. Жергілікті «Рубиком» кәсіпорны он жыл бұрын Павлодар қаласының іргесінде тұрған Үміт апа ауылына жақын аумақта шошқа фермасын салған.