Рауан Қайдар
Рауан Қайдар«Egemen Qazaqstan»
396 материал табылды

Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс - Қ.Тоқаев

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет - Президент

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт жетті - Президент

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 01 Қыркүйек, 2022

Елордада дәстүрлі жәрмеңке басталды

Нұр-Сұлтанда өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жәр­мең­кесі басталды. Әр сен­бі мен жексенбі сайын ұйым­дастырылатын жәрмеңке 13 қа­рашаға дейін жалғасады. Елор­дада алғашқы болып Түр­кістан облысының шаруа­лары өз өнімдерін ұсынды.

Медицина • 25 Тамыз, 2022

Сақтандырудағы сан сауал сапалы ем алуға кепіл болса игі

Ел мен жұрттың есендігін ескеріп, саулығына сақ қарайды дейтін салмақты саланың жетістігі де, жетіспеушілігі де бар. Соның бірін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айшықтап айтты. Бұл – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі.

Елорда • 23 Тамыз, 2022

Газға қосу жұмыстары жалғасуда

Елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті.

Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Балаларға арналған жәрмеңке

Бала десе барлығынан бас тартатын бауырмал ата-ана үшін оның алаңсыз асыр салғанынан артық бақыт жоқ. Аман сау жүргені, ойнап күлгені жүздеріне күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлайды. Тамыз айы туа сала ата-аналар қауымы абыр-сабыр болады. Жазғы демалыста жан-жаққа кеткен балалары оралып, оқуға дайындалып, мектеп құралдары мен киім-кешек алатын сабылысар сәт.

Медицина • 22 Тамыз, 2022

Шұғыл медицинаны үйлестірудің шеберлері

Адамның бас амандығынан басқа құнды байлығы бар ма?! Денсаулығы сыр беріп, дегбірі қашқанда, дертіңе шипа беретін емханаға ентелей жүгіретін елдің қатары қалың. Сан мыңдаған халықтың саулығына жауапты салада ілгерілеу іздері іркілген емес. Соның бірі – 2011 жылы құрылған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы.

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Материалдық көмек – 40 мың теңге

Екі аптадан соң еліміз бойынша – 1 қыркүйек білім күні басталады. Жан-жақта демалып жүрген шәкірттердің шаттыққа толы мейрамы. Сағына қауы­шатын, асыға жүздесетін айрықша сәті. Мектеп табалдырығын енді аттаған бал­дырғандардың толқып, ерекше сезімге кенелетін керемет күні. Жаңа оқу жылына деп жаңа киім, жаңа заттар сатып алған оқушылар жейдесін кигенше, су жаңа сөмкесін арқасына асынып, сыныптастарына көрсеткенше асығатыны айтпаса да түсінікті. Дей тұрғанмен, тұрмыстық жағдайына байланысты әлі күнге әдемі киім, қаламсап, оқу құралдарын ала алмай отырған отбасылардың да барын естен шығармаған абзал.

Абай • 14 Тамыз, 2022

Абай күні аталып өтті

Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған көрме ашылды. Қала тұрғындары ақынның поэтикалық және философиялық мұрасын, абайтанушы ғалымдардың еңбектерін және ұлы ойшылдың шығармаларының аудармаларын оқып шықты.