Аймақтар • 02 Маусым, 2022
Балалық шақ – адамдардың есінде ерекше сақталатын сағынышқа толы сәттер. Есейіп кетсе де сәби болуды аңсайтын, сол бір таза кейіптегі болмысын асқан махаббатпен еске алатын жандар жетерлік. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай республиканың түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласында балалар мерекесіне орай 60-тан астам іс-шара, оның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар жоғары деңгейде өтті.
Қоғам • 30 Мамыр, 2022
Мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі жүргізіледі
2020 және 2021 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алған 99 220 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде кедейлік жағдайынан шықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлімдеді.
Референдум • 27 Мамыр, 2022
247 сайлау учаскесі жұмысын бастайды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен елордада қалалық клиникалар басшылары мен бейінді басқарма басшылығының қатысуымен маңызды мәжіліс өтті. Жиынның басты тақырыбы – алдағы республикалық референдум. Іс-шара барысында қалалық клиникалар директорларымен бірге еліміздің басты құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның рөлі талқыланды.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2022
Тұрғын үйді жалдау ақысы субсидияланады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Отбасы банкі» өкілдері жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау бағдарламасының аралық нәтижелерін көпшілік назарына ұсынды.
Қоғам • 25 Мамыр, 2022
Балаларды қорғаудың басым бағыттары
Елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев қалада Балалар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары қалай жүзеге асып жатқаны туралы әңгімеледі. Елордада негізгі 7 бағыт бойынша Балалар жылын өткізу жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген. Бұл –«Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Bala qorgau», «Bala_time.kz» бағыттары.
Елорда • 25 Мамыр, 2022
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов газға қосылу үшін талап етілетін құжаттар тізімі екі есе қысқаратынын мәлім етті.
Референдум • 18 Мамыр, 2022
Маусымның бесінші жұлдызындағы маңызды күн елдің болашағына елеулі өзгерістер әкелетін саяси салмақты сәт деп бұқара халықтың үміті үдей түскені белгілі. Бас қаладан бастау алып ауыл, аудан көлемінде азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Аталған конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Республикалық қоғамдық қолдау штабының мүшелері бірлесіп, елордалық зиялы қауым өкілдері және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Референдум • 18 Мамыр, 2022
Референдум өткізуге дайындық талқыланды
Елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкеновтің төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – алдағы жалпы республикалық референдумды өткізу, жастарды жан-жақты ақпараттандыру, мемлекет үшін маңызды күннің мәнін түсіндіру.
Қоғам • 17 Мамыр, 2022
Салғырттық танытпауға шақырады
Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу маусымы. Азаматтардың қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Ұл өссе ұлысым деп, қыз өссе өрісім деп ұғатын ұлтымыздың ұрпақ қамына келгенде ұстанымы ұсақталған емес. Оның амандығы, білімі, болашағы әрдайым санасында сап түзеп тұрады. Ғасыр өтіп, ғалам өзгерсе де бала тәрбиесіндегі баба өсиеті көнерген емес. Перзентінің басы ауырып, балтыры сыздамасын деп ана жүрегі езіліп, әке жүрегі елжіреп тұратыны бесенеден белгілі. Өкініштісі, соңғы кезде елімізде церебралды сал ауруына шалдыққан бала саны артуда. Оларды оңалту шаралары қалай жүзеге асуда? Осы мәселеге тоқталып өтсек.