Қоғам • 20 Шілде, 2022
Көпбалалы аналарға көңіл бөлген орталықтар
Елдің қарыштап қадам басуына оның экономикасы ғана емес, әлеуметтік саласы да әсер ететіні анық. 2020 жылдан бері елордада әкімдіктің қолдауымен түрлі топтардың бастамасымен ашылған 8 орталық жұмыс істейді. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетеді. Бұл орталықтар табысты жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында Strong Mothers білім беру орталығы, «Алтын шаңырақ ұясы» киім тігу цехы, «Бақытты шаңырақ» қызмет көрсету бойынша көпсалалы орталық бар.
Медицина • 18 Шілде, 2022
STADA Health Report-2022: Ел медицинасына сенім басым
STADA фармацевтикалық компаниясы 15 елде өткізілген STADA Health Report-2022 төртінші халықаралық зерттеудің нәтижелерін Қазақстанда ұсынды. Зерттеудің тақырыбы – коронавирустан кейінгі кезеңде адамдардың өз денсаулығына қамқорлығы.
Қоғам • 17 Шілде, 2022
Филармония – кез келген қаланың музыкалық жүрегі, оның мәдени орталығы. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония жаңа астананың көне мәдениет ошақтарының бірі, мұнда өнердің тамыры 1997 жылдан бері соғып тұр. XXV концерттік маусым аяқталды.
Коронавирус • 11 Шілде, 2022
Эпидемиялық ахуал: Вирус жұқтырғандар көбейіп барады
Отанымыз түгілі озық елдердің өзін омақаса құлатқан індет іргемізден кетті дегенде бөркімізді аспанға атып қуанғанымыз рас. Сау адамды сарсаңға салған сол бір сәттерде дертке шалдықпаудың жолын іздеп, денсаулығымызды ойлап дегбіріміз қашқаны да шындық. Бірақ коронавирустан түбегейлі құтылдық екен деп арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сақтық шараларын ұмытуға болмайды. Себебі елдегі эпидемиялық жағдай күрделеніп, сырқаттанғандар саны өсіп жатыр.
Қоғам • 11 Шілде, 2022
Жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп елорданың жастары мен ЖОО және колледж түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі әлі де өзекті. Барлық сертификатталған мамандар университетті бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмайды. Сондықтан жастар жәрмеңкесі – бұл өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын зерттеуге және бірнеше жұмыс берушімен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.
Медицина • 11 Шілде, 2022
МӘМС: Астаналықтар 5,6 млрд теңгеден аса жарна аударды
Жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған. Ал осы жылдың маусым айында астана халқынан 5,6 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен.
Саясат • 11 Шілде, 2022
Қала дамуының қарқынды қадамдары
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы ақпарат берді. Оның мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң нәтиже көрсетті. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы 3 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, бірінші жартыжылдықта 1 млн 250 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.
Елорда • 05 Шілде, 2022
Сарыарқаның сайын даласына сап түзеп, салтанат құрған еңселі елордамыз – елдігіміздің символы. Көрікті көшелер, сәулелі сәулеттер, зәулім ғимараттар бас қаламыздың ажарын ашып, келбетін нұрландырып тұр. Есілдің жағасында орналасқан елордамызға өзіміз түгілі, шекараның ар жағындағы шетелдіктер де қызыға да, қызғана қарайтын күнге жеткеніміз жасырын емес.
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Жастарға арналған алғашқы ұлттық жалпыреспубликалық онлайн еңбек жәрмеңкесіне 1,4 мыңнан астам адам қатысты. Жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналасуға ниет білдірген азаматтардың саны 4 мыңнан асты.
Қазақстан • 05 Шілде, 2022
Бейбітшілік пен келісімге шақыратын маңызды марш
Тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрған елдің мерейі өсіп, абыройы асқақтай түсері сөзсіз. Себебі ұлт пен ұрпақтың баянды ғұмыр кешуіне келісім мен татулық басты баспалдақ саналатыны шындық. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» халықаралық жобасы аясындағы мәдениет, бейбітшілік және келісім күндері атты мәдени-бұқаралық іс-шара өтті. Осыған орай достықты дәріптейтін «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» Нұр-Сұлтан қаласынан алғашқы сапарға аттанбақ.