Рауан Қайдар
312 материал табылды

Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022

iKOMEK күшейтілген режімде қызмет көрсетуде

iKOMEK бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел штабтың шұғыл желісі қызметін атқарады. Орталық күшейтілген режімде жұмыс істейді. Елорда аза­мат­тарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәсе­лесі бойынша өтініштерін қабылдап, қоғамдық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардан бас­тап енгізілген төтенше жағдай сұрақтары бойынша кеңес береді.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2022

Жаңа жылдан бастап жалақы өсті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Нақтырақ айтсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтер мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға өсті.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Коменданттық сағатты бұзғандар көбейіп тұр

Елді елең еткізген оқыс оқиға көптің көңіліне уайым салғаны белгілі емес. Бұзақылардың кесірінен бұқара жұрттың басына бұлт үйіріліп, үйінен шыққысы келмейтіндей үрейленгені шындық. Дегенмен Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімі негізінде төңірегімізге төтенше жағдай енгізіліп, коменданттық сағат бекітілді. Оның өзі жанын шүберекке түйген жалпақ жұрттың жүрегіне жұбаныш сыйлағаны анық. Бірақ екі аптаға енгізілген төтенше жағдайды ескермей, коменданттық сағатты елемей жүрген жандар да жетерлік.

Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

ХҚКО-лардың жұмысы қашан жанданады

Мемлекеттік корпорацияның азаматтарға арналған ресми өкілі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 24 Қараша, 2021

Made in Nur-Sultan өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен елордада алғаш рет «Бастау Бизнес» жобасы түлектері өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары елордада өндірілетін тауарларды көріп, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар мен киім-кешек, тоқыма тауарлары, ойыншықтар, картиналар, кәдесыйлар және басқа да өнімдер ұсынылды.

Қоғам • 18 Қараша, 2021

Жас мамандарға қолдау қажет

Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына жолдама алған әрбір түлек, төрт жыл аяқталған соң, оқыған мамандығы бойынша оңтайлы жұмыс таба аламын ба деп ойланатыны анық. Тарам-тарам жолдардан таңдаған мамандығыңа қарай қызмет табыла қалса жақсы ғой. Әйтпесе, жоғары білімі бар жастардың да жұмыр басын сүйретіп, жұмыс таппай жүргендері қаншама. Қаладан тәлім мен тәжірибе жинақтап, «Дипломмен – ауылға» аттанған азаматтар да бар.

Коронавирус • 11 Қараша, 2021

Қайта егу қарашаның ортасында басталады

Жұмыр жердегі жұрттың бәрі жұқпалы дертпен күресіп, жанталасып жатқаны белгілі. Әлемді әбігерге салған індет әртүрлі кейіпке еніп, құрылымы сан құбылып та үлгерді. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі ахуал да бір-біріне ұқсамайды. Бір қуантарлығы, еліміздегі жағдай тұрақталғаны байқалады. Оған дәлел, Үкімет отырысында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы үш айда науқастар саны 2,3 есеге азайғанын айтты.

Медицина • 03 Қараша, 2021

Отандық медицинаның отыз жылдағы олжасы

Бас ауырып, балтыр сыздаса баратын жер, қағатын есігіміз емхана екені белгілі. Қа­лаларда қарқынды дамып, ауыл мен аудан­дарда ауқымды іс атқарып жатқан меди­цина мекемелері, күрделі деген опера­цияның өзін күнделікті жасап жүрген дәре­желі дәрігерлерді көргенде мемлекеттің меди­ци­налық мәртебесі һәм дертті емдеу деңгейі кө­терілгенін бірден байқауға болады. Бұрын­ғыдай шешімі жоқ екен деп шекара асып, шетелге жүгіретін емес, отандық мамандардың да біліктілігі артып, заманауи технологияларды терең меңгер- ген.

Елорда • 02 Қараша, 2021

Вакциналау пункті жабылады

Елордадағы «Хан Шатыр» СОО-дағы азаматтарды КВИ-ға қарсы вакциналауға арналған егу пункті жабылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар вакциналау бойынша өз қызметін осы жылдың 1 қарашасынан бастап аяқтайды.

Қоғам • 29 Қазан, 2021

Ербол Іргебай атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда Ербол Іргебай атындағы қазақ тілі кабинеті ашылды. Шара Ербол Ісләмұлын еске алу құрметіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.