Медицина • 10 Ақпан, 2022
Даудың басы Damumed-те ме, дәрігерлерде ме?
«Сау адамның басында алтын тәж бар, оны тек науқас адам көре алады» деген тәмсіл бар. Бұл баға жетпес байлығымыздың қадірін түсінуге қанаттандырары сөзсіз. Денсаулық сыр беріп, денеге дерттің суығы дендей кіргенде дәрігерден дәрмен күтіп, ақ халаттылардың алдына асығатынымыз анық.
Медицина • 07 Ақпан, 2022
Жүрек орталығындағы жүзінші трансплантация
Жылдың басында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында» екі науқастың өміріне мүмкіндік беретін жүрек және өкпе трансплантациясы жасалды. Айта кетейік, бұл Жүрек орталығында жүргізілген 85-ші жүрек трансплантациясы және 15-ші өкпе трансплантациясы.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022
iKOMEK күшейтілген режімде қызмет көрсетуде
iKOMEK бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел штабтың шұғыл желісі қызметін атқарады. Орталық күшейтілген режімде жұмыс істейді. Елорда азаматтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселесі бойынша өтініштерін қабылдап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілген төтенше жағдай сұрақтары бойынша кеңес береді.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2022
Жаңа жылдан бастап жалақы өсті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Нақтырақ айтсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтер мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға өсті.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022
Коменданттық сағатты бұзғандар көбейіп тұр
Елді елең еткізген оқыс оқиға көптің көңіліне уайым салғаны белгілі емес. Бұзақылардың кесірінен бұқара жұрттың басына бұлт үйіріліп, үйінен шыққысы келмейтіндей үрейленгені шындық. Дегенмен Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімі негізінде төңірегімізге төтенше жағдай енгізіліп, коменданттық сағат бекітілді. Оның өзі жанын шүберекке түйген жалпақ жұрттың жүрегіне жұбаныш сыйлағаны анық. Бірақ екі аптаға енгізілген төтенше жағдайды ескермей, коменданттық сағатты елемей жүрген жандар да жетерлік.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022
ХҚКО-лардың жұмысы қашан жанданады
Мемлекеттік корпорацияның азаматтарға арналған ресми өкілі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Қараша, 2021
Made in Nur-Sultan өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен елордада алғаш рет «Бастау Бизнес» жобасы түлектері өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары елордада өндірілетін тауарларды көріп, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар мен киім-кешек, тоқыма тауарлары, ойыншықтар, картиналар, кәдесыйлар және басқа да өнімдер ұсынылды.
Қоғам • 18 Қараша, 2021
Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына жолдама алған әрбір түлек, төрт жыл аяқталған соң, оқыған мамандығы бойынша оңтайлы жұмыс таба аламын ба деп ойланатыны анық. Тарам-тарам жолдардан таңдаған мамандығыңа қарай қызмет табыла қалса жақсы ғой. Әйтпесе, жоғары білімі бар жастардың да жұмыр басын сүйретіп, жұмыс таппай жүргендері қаншама. Қаладан тәлім мен тәжірибе жинақтап, «Дипломмен – ауылға» аттанған азаматтар да бар.
Коронавирус • 11 Қараша, 2021
Қайта егу қарашаның ортасында басталады
Жұмыр жердегі жұрттың бәрі жұқпалы дертпен күресіп, жанталасып жатқаны белгілі. Әлемді әбігерге салған індет әртүрлі кейіпке еніп, құрылымы сан құбылып та үлгерді. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі ахуал да бір-біріне ұқсамайды. Бір қуантарлығы, еліміздегі жағдай тұрақталғаны байқалады. Оған дәлел, Үкімет отырысында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы үш айда науқастар саны 2,3 есеге азайғанын айтты.
Елорда • 02 Қараша, 2021
Елордадағы «Хан Шатыр» СОО-дағы азаматтарды КВИ-ға қарсы вакциналауға арналған егу пункті жабылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар вакциналау бойынша өз қызметін осы жылдың 1 қарашасынан бастап аяқтайды.