Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Қазақстан • 09 Қараша, 2021

Заманауи инфрақұрылым – сапалы байланыс кепілі

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда 82 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық желі мен мобильді байланысты қамтамасыз ететін 13 мыңнан аса базалық станса салынды. Бұл туралы таяуда өткен Digital Bridge форумында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты.

Технология • 04 Қараша, 2021

Озық ойлы өнертапқыштар алаңы

Digital Bridge – бұл Қазақстанның және шет мемлекеттердің IT компаниялары бас қосып, тың жобаларды іске асырудың жолдарын пысықтайтын алаң. Айталық, биыл отандық стартапшылар Кремний алқабындағы көшбасшылардың бірі Plug and Play жаһандық инновациялық стартап-платформасының акселерациясынан өтуге мүмкіндік алды.

Экология • 02 Қараша, 2021

Саф ауа алтыннан да қымбат

Қазақстанға көміртегінен арылу үшін тың технологияларға басымдық беру қажет. Бұған шамамен 650 млрд доллардай көлемінде инвестиция жеткілікті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұл қаражат 40 жылға есептелген.

Экология • 01 Қараша, 2021

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының негізгі бағыттары

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміз­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сар­тып, ха­лық­қа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр.

Қазақстан • 29 Қазан, 2021

Цифрландыру – сапалы өмірдің кепілі

«Цифрлы трансформация және өмірдің жаңа сапасы» – таяу­да өткен Open Mind ашық инновациялар форумының негізгі арқауы. Аталған жиын пандемия жағдайындағы тың технологиялардың дамуына арналды.

Коронавирус • 24 Қазан, 2021

Жаңа жағдайдағы жаһандық қатерлер

Климаттың өзгеруі мен пандемияның құбылмалылығы – өтпелі кезеңдегі әлемдік экономиканың алдында тұрған негізгі тәуекелдердің бірі. Бұл орайда жаппай вакциналау және цифр­лы трансформация жаңа жағдайдағы жаһандық экономиканың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Мұндай пікірді экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс айтты.

Технология • 22 Қазан, 2021

Жасырын әлеуметтік желі

GetEmotions – кез келген адамға кез келген тақырыпта сұрақ қойып, соған сәйкес пікір алмасуға мүмкіндік беретін жасырын әлеуметтік желі. Бұл отандық IT мамандарының технологиялық өнімі.

Технология • 22 Қазан, 2021

Ақпараттық технологияның қыр-сырына қанықты

Алматыда «Көру қабілеті нашар жасөспірім­дер­дің цифрлы дағдыларын дамыту» жобасының алғаш­қы түлектеріне сертификаттар табысталды. Бұл жоба – «Жан» мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі Азиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің бірлескен бастамасы.

Экономика • 18 Қазан, 2021

Өңделген тауардың 70 түрін жеткізуге дайын

Қазақстан Аустрия нарығына өң­делген тауардың 70 түрін шы­ғаруға дайын. Екі жақты сауда-саттық мәселесі Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техника­лық және технологиялық ынтымақ­тастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында пысықталды.

Қазақстан • 13 Қазан, 2021

Жануар да мейірімге мұқтаж

Жануарларға қатыгездік көрсеткендер 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталаған жағдайда 1 мың АЕК-ке дейін немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай жаза «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасында қарастырылып отыр.