Экономика • 06 Қыркүйек, 2019
Үшінші индустрияландыруға Қазақстан дайын ба?
Жасыратыны жоқ, еліміздің экономикасы шикізат ресурсына тәуелді. Осы тәуелділіктен арылту үшін мемлекет экономиканы әртараптандырудың қам-қарекетіне көшіп жатыр. Бұл тарапта индустрияландыру басым бағыт ретінде қолға алынды. Жаһандық экологияның конъюнктурасы қиындаған заманда өркендеудің балама жолына түсу заңдылық. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы биыл тәмамдалады. Осы аралықта белгіленген меже орындалды ма? Өңдеуші секторда ұпайымыз қаншалықты түгенделген? Көкейдегі сан сұраққа жауап табуға тырыстық.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, келер ұрпаққа жеткізген жөн. Осының амалын «Интергаз Орталық Азия» компаниясының жас мамандары қарастырып, аймақтарды көгілдір отынмен қамтуға байланысты тың ойларымен бөлісті. Мұндай мүмкіндік бас қалада ұйымдастырылған «Ұрпақтар сабақтастығы және бүгінгі энергия – болашақ үшін» III жастар слетінде берілді. Жас мамандар құрылтайы биылғы Жастар жылы аясында қолға алынғанын айта кеткен орынды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Жастар ұйымдары еріктілер қозғалысын дамытуға уағдаласты
Бас шаһарда қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті. Жастар ұйымдарының арасында байланыс орнату және тәжірибе алмасу мақсатында екі елдің белсенділері волонтерлік қозғалысты дамытуға уағдаласты.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2019
Қазақстанға қытайлық зауыттар көшірілмейді
Қазақстанға Қытайдағы ескі зауыттар көшірілмейді. Бұл туралы кеше арнайы брифингте еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Вице-министр әлеуметтік желіде тараған елімізге 55 ескі кәсіпорынды көшіру туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, халықты бұл қауесетке сенбеуге шақырды.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2019
Елімізде білікті ұшқыштар тапшы
Азаматтық авиация академиясы халықаралық талаптарға сай келетін білікті ұшқыштарды даярлауға қауқарсыз. Бұл туралы Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтылды. Сол себепті отандық әуе компаниялары авиация мамандарын шетелдерде оқытуға мәжбүр.
Экономика • 27 Тамыз, 2019
Қытайлық инвесторлар АХҚО жұмысын оң бағалады
Елордада Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту мақсатында қытайлық инвесторлардың форумы өтті. Көршілес елдің іскер азаматтары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыруға ниеттерін білдірді.
Қоғам • 22 Тамыз, 2019
Ақылды жүйе: Қазақстаннан Стив Джобс қашан шығады?
«Жас ұрпаққа ерекше тоқталғым келеді. Қазақстанның даму жолында сіздер шешуші рөл атқарып, прогрестің қозғаушы күшіне айналасыздар. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы өз жұмысын бастады. Жастардың бизнес бастамаларын іске асыру үшін «Жас кәсіпкер» дамыту бағдарламасын қолға алдық. Менің міндетім – сіздердің үлкен армандарыңыз орындалып, жеке «табыс тарихын» құруларыңызға барлық жағдайды жасау». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміндегі бұл сөзі мемлекеттің жастар мәселесіне айрықша ден қойғанын айғақтаса керек.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
121 тонна қоқыс, 100 шақырымға жуық ау жиналды
Еліміздегі 80-ге жуық су айдыны мен жағалаудан 121 тонна қоқыс және жалпы көлемі 95,3 шақырымды құрайтын синтетикалық тор жиналды. Бұл – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Аулардан таза су айдыны» акциясының бір күндегі нәтижесі. Ауқымды экологиялық шараға 5 мыңнан аса қазақстандық тартылды.
Экономика • 15 Тамыз, 2019
Мемлекеттік кірістер комитеті Big data-ны іске қосты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев хабарлады. Биыл шикізаттық емес сектордан түсетін кіріс 8%-ға артып, 2,9 трлн теңгеге жетті.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Жалған құжат дайындағандар құрықталды
Павлодар облысында 23 жалған кәсіпорынның атынан құжат дайындаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.