Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Автобустардың қызметі сын көтермейді
Семейде қоғамдық автобустардың қызметі сын көтермейтіні көпке мәлім. «Семавтопарк» кәсіпорны өкілдерімен кездескен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, әсіресе автобустардың жұмыс уақыты көңіл көншітпейтінін жеткізді.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Абай облысының әкімі Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілімен кездесіп, өңірдегі бірлескен жобалардың жүзеге асыру барысын талқылады. Мәселен, қаржы институты Семейдегі сумен қамтамасыз ету жүйелері мен көше шамдарын жаңартуға, сондай-ақ Аягөздегі кәріз-тазарту жүйелерін жаңғыртуға септесіп келеді.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
«Қазақстан халқына» қоры Абай облысындағы ауыл мектептерін заман талабына сай жарақтандыруға жәрдемдеседі. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтты.
Аймақтар • 28 Шілде, 2022
Елордада сағат кешкі 22.30-23.00 аралығында көшелерде қоғамдық автобустардың қатынап жүргенін байқауға болады. Сол себепті астаналықтарды жұмыстан кейін үйіне жете алмаймын-ау деген ой мазаламайды. Өкінішке қарай, семейліктердің мұндай сапалы тасымалдау қызметін көрмегеніне 10 жыл немесе одан да көп уақыт өткені жасырын емес. Демалыс күндері сағат 20.00-ден кейін қалалықтардың қалаған жеріне жетуі мұңға айналғалы қашан?!
Аймақтар • 28 Шілде, 2022
Таяуда Ертісте батып бара жатқан адамды құтқарып қалған семейліктердің ерлігі ескерусіз қалмады. Атап айтқанда, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Алексей Штыкель бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті.
Экология • 26 Шілде, 2022
Семей Өскемен немесе Қарағанды секілді өндірістік қалалардың қатарына кірмейді әрі бұл шаһарда айтарлықтай қала құраушы кәсіпорын да жоқ. Бірақ соған қарамастан Абай облысы орталығының атмосферасында зиянды қалдық азаймай тұр.
Аймақтар • 26 Шілде, 2022
Abai IT-Valley – озық ойлардың ордасы
Семейде Abai IT-Valley технокластері ашылды. Мұнда IT саласының дарынды жастары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауы арқылы өздерінің тың жобаларын жүзеге асырады.
Аймақтар • 26 Шілде, 2022
Үржар ауданындағы әуежайдың ұшып-қону жолағының жөндеу жұмыстары 95%-ға орындалды.
Қоғам • 25 Шілде, 2022
Абай облысында бензин қоры 16 күнге ғана жеткілікті. Осыған байланысты жергілікті билік мұнай өңдеу зауытынан жанар-жағармайды тасымалдауды қолға алды.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
«Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Тіпті басқаны айтпағанның өзінде Ақордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау құрақ көрпеге ұқсайды. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп. Тендерді жыл сайын бірді-екілі компания ғана ұтып алады. Мұндай жағдайдың қайталанып келе жатқанына ондаған жыл болды». Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан осы бір сөздері автожол инфрақұрылымындағы біраз мәселені аңғартқандай.