Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Тауар тасымалындағы тиімді тетік

Каспий – Қазақстан үшін жалғыз теңіз қақпасы. Тауар ағындарын қалыптастыруда бұл теңіздің іргесіндегі елдердің маңызы жоғары, себебі отандық тауарларды ірі теңіз сауда желілеріне шығаруда тиімді жол саналады.

Қазақстан • 13 Сәуір, 2022

Жер қойнауын игеруде өсім байқалды

Пандемия басталғалы елімізде геология және жер қойнауын пайдалану саласында 500-ден астам юниор компания құрылып, бұл геологиялық барлауға салынған инвестициялардың айтарлықтай өсуіне әсер етті. Бұл туралы Minex Kazakhstan – 2022 халықаралық форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев айтты.

Технология • 04 Сәуір, 2022

Цифрлы нарықтағы құбылмалы кезең

Бұрынғы одақтас республикаларда жүріп жатқан әскери ұрыс салдарынан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сегментінде қызмет көрсететін компаниялар мен жекелеген мамандар қоныс ауыстыруға мәжбүр. Қазақстан мұндай мамандарды құшақ жайып қарсы алуға дайын. Алайда еліміздің IT қауымдастығы биліктің бұл ұстанымын аса құптап отырған жоқ.

Қазақстан • 04 Сәуір, 2022

Технология тілі қыздарға жат емес

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 150-ден астам бойжеткені ауаның ластануын анықтауға арналған наноспут­никтерді стратосфераға ұшырды. Бұған БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының UniSat білім беру бағдарламасы мүмкіндік берді.

Экология • 31 Наурыз, 2022

Ауа тазалығы көңіл көншітпейді

Қазақстан ауасы ең лас 20 елдің қатарына енді. Мұндай мәлімет шуейцариялық IQAir мониторингтік тобы жүргізген рейтингте көрсетілді. Компанияның былтырғы есебінде еліміз ауа ластануының әлемдік көрсеткіші жағынан 23-орында орналасқаны белгілі болды.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Консорциумдағы жағдай бақылауда

Каспий құбыры консорциумында орын алған жағдай кейбір мамандар айтқандай аса күрделі емес. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. «Рас, дауыл 3-жылжымалы айлақ қондырғысының тоқтауына әсер етті. Екінші қондырғыда іркілістер байқалды. Апатты жағдайға жол бермеу үшін оны да өшіруге тура келді. Біріншісі тексеру жүргізілгенге дейін қауіпсіздік мақсатында тоқтатылды», деді министр.

Экология • 24 Наурыз, 2022

Көгілдір отын – ауаны тазартудың төте жолы

Айтсақ сенбеуіңіз мүмкін, бірақ еліміздің бас шаһары ауасы ең лас қалалардың қатарында. Өзекті мәселені шешудің жолы – 100% газдандыру. Мұндай көзқарасты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұстанып отыр. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі экологиялық проблемаларды реттеудің жолдарын айтып берді.

Технология • 23 Наурыз, 2022

Жаңаруға жетелейтін жетістіктер

Астрологтердің пікіріне сүйенсек, Барыс жылында қиындық пен қуаныш қатар жүреді. Ал қазақтың таным-түсінігінде бұл аңның орны бөлек болған соң, халқымыз Барыстан табысты көп күтетіні хақ.

Экология • 15 Наурыз, 2022

Суды ысырап етуді тыйсақ игі

Жасыратыны жоқ, су ресурстары мәселесінде Қазақстан көп жағдайда көршілес мемлекеттерге кіріптар болуға мәжбүр. Айталық, Арал – Сырдария бассейні 93%-ға, Жайық – Каспий шамамен 80%-ға, Шу – Талас 74%-ға, сондай-ақ Балқаш – Алакөл бассейні 48%-ға көршілес елдерден келетін ағынды суларға тәуелді.

Қазақстан • 13 Наурыз, 2022

Мемлекеттік қызмет проактивті түрде ұсынылуға тиіс

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа отырысында былтырғы жұмыстар қорытындыланып, Президенттің бақылауындағы экономика салалары мен мемлекеттік басқаруды цифрландыру бойынша маңызды міндеттер қарастырылды.