Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Қоғам • 07 Ақпан, 2020

Ұтыс ойындарынан кімдер қағылды?

Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін жеке тұлғаларға 200 АЕК (530 мың теңге), сондай-ақ заңды тұлғаларға 700- 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу қарастырылуда. Бұл туралы күні кеше Мәжіліс қабырғасында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтқан еді. Ведомство басшысы депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Осы жаңалық әлеуметтік желінің біраз белсенді қолданушыларын «триггерге» түсірді. Бұл әсіресе блогерлер мен отандық celebrity-ге қатысты. Неге? Анықтап көрейік.

Қоғам • 06 Ақпан, 2020

Экологиялық сананы өзгерту керек

Қазақстандық волонтерлер қоршаған ортаны қорғау үшін бірлесіп жұмыс атқармақ. Бұл туралы экология белсенділерінің бірінші республикалық құрылтайында мәлім болды. Жиында қоршаған ортаның амбассадорлары сайланды.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2020

Шетелдік көліктер тіркелуі тиіс

Соңғы апталарда шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты дау-дамай қыза түсті. Дәлірек айтқанда, Ішкі істер министрлігінің жаңа талабы әртүрлі пікірге арқау болды. Бұл тәртіпке сәйкес, Қазақстанға сырттан әкелінген темір тұлпарды 10 жұмыс күні ішінде тіркеу қажет. Бұлай болмаған жағдайда, тіркелмеген көлікті тізгіндеген азаматтарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, уақытша тұрақ аумағына қойылады. Жаңа ереже Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан әкелінген көліктерге қатысты енгізілді.

Медицина • 20 Қаңтар, 2020

Жекеменшік емхана жүйесінің дамуына не кедергі?

Қазақстанның бас шаһарында шамамен 100 мыңнан аса адам бастапқы медициналық-санитарлық көмекке зәру. Себебі алғашқы медициналық қызметті көрсететін емханалардың көбі тұрғын жайлардан шалғай орналасқан. Демографтардың болжамынша жыл сайын елордадағы халықтың саны 60 мыңға көбейіп келеді. Осыдан-ақ аталған проблеманы шешу маңызды міндеттердің қатарында екенін аңғару қиын емес. Яғни, жекеменшік медицинаны дамыту кезек күттірмейді.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Мүгедектерге қолдау көрсетеді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Қоры арасында мемо­рандумға қол қойылды. Осы құжаттың негізінде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 8 оңалту орталығы мен 16 қосымша инклюзивті қолдау кабинетін ашу көзделген.

Экономика • 06 Қаңтар, 2020

«Қазақстандағы Big Data: жаңа көкжиектер»

«Қазақтелеком» АҚ үлкен деректерді өңдеу, сақтау, құрылымдау және талдау бойынша жинақталған тәжірибесін біріктіруге ниетті. Ұлттық байланыс операторы цифрлы экономиканы дамыту мақсатында ресейлік «ИКС Холдинг» ІТ-құрылымымен бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды. Бұл стратегиялық байланысқа «Қазақстандағы BIG DATA: Жаңа көкжиектер» халықаралық конференциясында қол жеткізілді.

Экономика • 01 Қаңтар, 2020

30 миллиард теңгеден аса салық қарызы төленді

Салық рақымшылығы арқылы қазақстан­дықтар 32 млрд теңгеге жуық салық қары­зын төлеп, 9 млрд теңге өсімпұл есептен шыға­рылды. Рақымшылық шағын және орта бизнеске бағытталғандықтан салық төлеушілердің денін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер құрап отыр. Олардың жалпы саны – 44 182.

Экономика • 01 Қаңтар, 2020

Мораторий кәсіпкерлікті өркендетуге негізделеді

Биылдан бастап іскер жандарға кәсібін емін-еркін жүргізуге мүмкіндік туады. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлығы ықпал етпек. Соған сәйкес, елімізде 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мораторий енгізіледі.

Технология • 26 Желтоқсан, 2019

Заттар интернетін дамытуға септеседі

Қазақстанда заттар интернетінің өрісін 5G технологиясы арқылы кеңейту көзделіп отыр. Бұл туралы 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 халықаралық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов айтты. 

Экономика • 26 Желтоқсан, 2019

Сексеуіл ұлттық брендке айналуы мүмкін

Бұл туралы Президент жа­нын­дағы Орталық ком­муникациялар қызметінде өткен баспа­сөз жиынын­да Экология, гео­логия және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінен мәлім болды.