Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Қазақстан • 15 Қазан, 2019

Қытайда қымыз бен шұбатқа сұраныс жоғары

Бұл туралы кеше елордада өткен «Стандарттау және экспорт: Қытай нарығына шығу» форумында айтылды. Көршілес мемлекетте Ойсылқара мен Қамбар ата төлінің өніміне қызығушылық артып келеді. Алайда ұлттық сусынымызды Қытай нарығына өткізу оңай болмай тұр. Себебі бұл елде сүт өнімдерінің ұлттық стандарты енгізілген. Көрші елдің нарығын жаулау үшін отандық өндірушілерге сол талапқа бейімделуге тура келеді.

Қазақстан • 10 Қазан, 2019

Автобустар банк карталарымен төлем қабылдай бастады

Бас қалада қоғамдық көліктермен қатынау тағы да жеңілдей түспек. Енді жолақыны банк карталарымен де төлеуге болады. Әзірге қанатқақты жоба №20 бағдардағы қалалық автобуста іске қосылып, сынақтан өтіп жатыр.  

Қоғам • 07 Қазан, 2019

ПИК тұрғындардың қаражатын жымқырды

Бас шаһарда көпқабатты тұрғын үйлердің саны 3 мыңға жуықтап, оларға 488 ұйым қызмет көрсетеді. Елордада құрылыс саласы қарқын алып, жыл сайын 2 млн-нан астам шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі. Алайда тұрғын үй-коммуналды шаруашылығына қатысты дау-дамай азаяр емес. Әсіресе пәтер иелері кооперативі және баспана құрылысының сапасына байланысты тұрғындардың наразылығы жиілеп кетті. Мәселен, Nur Otan партиясының қалалық филиалы мен қалалық әкімдікке 40 мыңнан астам шағым келіп түскен.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Биыл қамбаға астық аз түседі

Көктем, жаз айларында күн райының қайта-қайта құбылғаны диқандарға ауыр тиді. Қазір де егістік алқаптарындағы күзгі жиын-терім қиынға түсуде. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров республика бойынша 12,4 млн гектар алқапта егін орылғанын мәлімдеді. 2018 жылға қарағанда биыл өнім 15 пайыз аз жиналуы мүмкін. Бұл жағдай нанның қымбаттауына ықпал етуі ықтимал, деді ведомство өкілі.

Экология • 27 Қыркүйек, 2019

Айналамызды қоқысқа айналдырмайық

Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 70%-ға өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл дегеніңіз келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналуға шақ қалғанын білдірсе керек. Бірқатар дамушы елдерде қалдықты бөліп жинау мәдениеті әлі күнге жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бұл қатарда Қазақстан да бар.

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Несие аз, жабылған кәсіпорындар көп

Соңғы он жылда бас шаһарда шағын және орта бизнестің үлесі бес есеге өсіп, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 25 мыңнан 130 мыңға жетті. Олардың өңірлік жалпы өнім индикаторы 58%-ды құрайды. Қазақстан бойынша бұл ең жоғары көрсеткіш. Мұндай статистикалық деректі елордалық кәсіпкерлердің VI конференциясында қала әкімі Алтай Көлгінов келтірді.

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019

4 мың отбасы баспанамен қамтылады

Әлеуметтік жалға берілетін тұр­ғын үй табысы жоқ көп ба­лалы отбасылар үшін бе­рілетін болады. Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді. Бұл жылына 6 мың отбасын әлеу­меттік қолдаумен қамтуға мүм­кіндік бермек. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында көр­­сетілген тапсырмаларды орын­­дау жолдары Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму ми­нистр­лігінің отырысында пысық­талды.

Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2019

Жасыл экономика: Қазақстанның әлеуеті қандай?

«Жасыл» экономика – қазіргі жаһандық қаржы жүйесіндегі үрдістердің бірі. Бұл бағыттың дамуына әлемдік климаттың құбылуы түрткі болғаны белгілі. Тыңнан түрен салған салаға Қазақстан да қатыса бас­тады. Мәселен, «Астана» халықаралық қаржы орталығында әлемнің 26 елінен 250-дей компания жұмыс істеп келеді. Осы шетелдік ұйымдар­дың арасында «жасыл» эконо­микаға инвестиция сал­ған­дар баршылық.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019

Шамалған трагедиясы тағы бір проблеманың бар екенін көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні пойыз бен автобустың соқтығысуынан болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза болған адамның туыстарына көңіл айтты. «Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған темір жол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмыстары басталды», деп жазды Президент Туиттердегі парақшасында.

Экология • 12 Қыркүйек, 2019

Судан туындаған сұрақ көп

Дүниенің әр түкпірінде ауыз суға зәру болып отыр­ған халықтар аз емес. БҰҰ-ның ғалымдармен бір­лесіп жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес 2050 жылы әлемде 5,7 млрд адам су тапшылығын сезінуі мүмкін. Тіршілік нәрін тиімді пайдалану – адам­заттың бүгінгі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің қатарында.