Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
165 материал табылды

Кітапхана • 23 Сәуір, 2025

Креативті орталық

Жақсыны – көрмекке. Жуыр­да ғана елорда ірге­сіндегі Қосшы қаласында Мем­лекет басшысының тап­сырмасымен ашылған көп­функ­циялы комьюнити-ор­талық жанындағы зәулім кітапхананың суреттері әлеуметтік желіде кең таралып, қызықтырғаны рас. Биыл алғаш рет аталып өтіп жатқан Ұлттық кітап күні қарсаңында заманауи кітапханаға арнайы барып қайттық.

Қоғам • 23 Сәуір, 2025

БАҚ өкілдері бас қосты

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті Баспа­герлік-редакторлық және ди­зайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: баспа ісі, медиа және дизайн» атты І ха­лықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады.

Мәдениет • 22 Сәуір, 2025

Еревандағы еліміздің мәдени күндері

Армения Республикасында өткен Қазақстанның мәдени күндері аясында Арам Хачатурян атындағы концерт залында отандық өнерпаздардың гала-концерті өтті. Ауқымды мәдени іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереван қаласына жасаған ресми сапары барысында Мемлекет басшылары арасындағы келісімдер нәтижесінде ұйымдастырылды.

Қоғам • 19 Сәуір, 2025

Ұлттық кітап күні: ой мен орам

Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Оқитын ұлт қалыптастыру жолын­да Мемлекет басшысы да бірқатар бастама көтеріп, тіке­лей назарында ұстап отыр. Үшінші Ұлттық құрылтайда бар­ша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырғаны да есте.

Өнер • 18 Сәуір, 2025

Сәнге айналған құрақ

Ұлттық өнер, ұлттық нақыш, ұлттық бояу – сандаған жыл өтсе де әр халықтың табиғатымен бірге жасайтын құндылықтар. Әсіресе бүгінгідей жаһанданған қоғамда тарихтан тамыр тартатын ұлттық белгілер де заманға сай жаңаша түрленіп, жаңаша қалыпқа еніп келеді. Тіпті ұлттық нақыштағы дүниелер қазір сәнге айналды десек болады.

Театр • 18 Сәуір, 2025

Ұжданды ұран еткен

Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ му­зыка­лық-драма театры ұжымы ел астанасына гас­трольдік сапармен келіп, «Ұждан» спектаклін ұсынды.

Көрме • 17 Сәуір, 2025

Сағыныш түсі

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда ­40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды.

Өнер • 17 Сәуір, 2025

Опера театры – Ақтөбеде

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Астана опера» театры гастрольдік сапар­мен Ақтөбе және Хромтау қала­ларына ­барып қайтты.

Зерде • 12 Сәуір, 2025

«Қазақ күшінің картасы» жобасы

Ұлттық академиялық кітапхана төрінде жуыр­да құрылған «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының жұмыс-жоспары таныстырылып, «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды.

Қоғам • 11 Сәуір, 2025

Музыка-терапия мәнері

Музыканың құдіретінде шек жоқ қой. Жүректің тереңіне бойлап, ішкі дүниеңнің әр тамырын үздіге шертетін әуезді әуен жанға дауа, көңілге ем. Адам бәрінен шаршағанда һәм жалыққанда музыка тыңдағысы келеді. Баяу әуен жаныңды қоңыр тіршіліктен бір сәт алыс, аяулы мекенге апаратындай. Еркін құстай зеңгір көк аспанда қалықтап ұшуыңыз мүмкін. Сезімтал жанның жүрегін жұбатып, ой-қиялын осындай әдемі сәттерге тек музыка ғана жетелей алады. Музыканың күшіне, музыканың әсеріне өлшем жоқ: таңғажайып. Әлқисса.