Әдебиет • 25 Маусым, 2020
Заманауи авторлардың қаламақысы қанша?
Былтыр Forbes журналы әлемдегі ең көп қаламақы алатын 100 атақты адамның рейтингін жасаған болатын. Оның ішінде екі-ақ жазушы бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 23 Маусым, 2020
Достоевский қолтаңбасы 5,5 миллион рубльға сатылды
Аукционға қойылған Федор Достоевскийдің қолтаңбасы бар "Өлі үйдегі жазбалар" ("Записки из мёртвого дома") атты кітабы бес жарым миллион рубльға сатылды.
Әдебиет • 23 Маусым, 2020
Өлеңді түсінерсің – өзі жоқта…Өмірді түсінерсің – күзде ғана… Жанна Елеусіз Өлең – жүректің сөзі. Ол жанның толқынысынан туса керек. Көңілдегі кірбің, зар, мұң, сағыныш пен өкініш, арман мен аңсардың түбі – өлең. Мөлдір өлең. Ешкім жазайын деп жазбайды (һәм жазбайын деп жазбай кетпейді екен). Ақын қаламынан туған өлеңнің бәрі – өмірдің ісі. Жалпы, өлеңді жазу да, өлеңді оқу да – жүрекпен. Адам кез келген уақытта өлеңге бармайтыны тағы анық. Құлазиды. Көңілі босайды. Жалығады. Бәлки, біреуді сағынар. Сосын өлең оқиды. Ақын сөзімен жыртық көңілін жамайды. Жұбанады.
Руханият • 17 Маусым, 2020
Карантин: Оқырман талғамы қалай өзгерді?
Әдетте адам баласы кітап оқиын десе, я уақыты болмайды, я құлқы болмайды. Әгәрәки, қым-қуыт тіршіліктен мойны жар бермей жүрген адам болса (бірақ, оқуға деген ниеті түзу), кешірімді. Ал кітап оқитын уақыты да, құлқы да жоқтық – қасірет. Қоғамға бір уақыт үнсіздік әкелген пандемияның іліп-алар жалғыз игілігі – бос уақыт болғаны рас. Кітапсүйер оқырман осы мүмкіндікті молынан пайдаланған секілді. Мәселен, соңғы айларда Сингапур мен Италияда балалар кітаптарына сұраныс көбейсе, Бразилияда экономикаға, ал іргеміздегі Ресей фантастиканы, Исландия ғашықтық романдарды оқуды құп көріпті.
Руханият • 11 Маусым, 2020
Швед академиясының былтырғы тарихта болмаған тосын шешімімен Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы польшалық қаламгер Ольга Токарчук (2018) пен аустриялық жазушы, драматург Петер Хандкеге бұйырған еді. Қызығы сол, бұл есімдерді әдеби букмекерлер тіпті болжамапты. «Алады-ау» дегенді алдырмайтын әйдік марапаттың биылғы жұлдыздары кімдер? Канадалық Энн Карсонның бағы жана ма, әлде ресейлік Людмила Улицкая ма? Бәлки, осы жолы Нобельден көп үмітті Мураками сұмдық қуанатын шығар...
Қоғам • 10 Маусым, 2020
Библиография қызметі талқыланды
Жуырда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен һәм Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен "Сандық кеңістіктегі библиография қызметі" тақырыбында халықаралық онлайн семинар болып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 09 Маусым, 2020
Достоевскийдің қолтаңбасы аукционда сатылып жатыр
Ресейлік аукцион үйі Федор Достоевскийдің қолтаңбасы бар кітаптарын сатылымға шығарды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл букинистік аукциондағы ең қымбат һәм сенсациялық лот болмақ, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 09 Маусым, 2020
"Ауыл" партиясы ұйымдастырған байқау аяқталды
Бүгін елордада "АУЫЛ" партиясы мен "Мәдениет порталының" ұйымдастыруымен өткен "Ауылым – алтын тұғырым" атты әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Әдебиет • 09 Маусым, 2020
Хемингуэйдің таңсық шығармасы табылды
New Yorker журналы американдық талантты жазушы Эрнест Хемингуэйдің бұрын жарияланбаған әңгімесін басып шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 09 Маусым, 2020
Тып-тынық Дон. Сағаттың тілімен ілескен күміс су күннің нұры мен айдың сәулесіне шағылысып, ағады да жатады. Бір мызғымайды: теңізге асығады. Жағасындағы жұрттың бұлаған жасын жұтып, мұңын шайып тербеле жөнеледі. Айдыны жанға медет, көңілге қуат. Шер толған кеудеңді тоссаң, жұбатады. Сыбдырай аққан ағысымен өмірдің өткінші екенін аңғартады. Кейде күллі адамзаттан ең жақыны һәм ең адалы Дон өзені ме дейсің. Жаны айна секілді: айналасындағы халықтың қайғысы мен қасіретін өзен табиғатынан байқамау мүмкін емес. Бірде тынық, бірде асау: гүрілдеп аққан ағысы – Донның атқақтап соққан жан айқайы. Ол бәрімізден көп жасады, ол небір сұмдықты көрді: бейбіт күн мен зарлы түннің талайына куә болды (әрине, мұны бізге Шолохов айтты). Бәлки, ол Аксиньяның («Тынық Дон») сарсаңға түскен жауапсыз махаббатын алып кетуін жалына сұраған кезде де бұлқынған шығар.