Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
77 материал табылды

Әдебиет • 12 Қараша, 2020

Алғашқы сурет, алғашқы өлең...

Адамзат тарихындағы ең алғашқы тасқа қашалған сурет Оңтүстік Африка Республикасындағы үңгірлердің бірінен табылған. 75 мың жыл бұрын салынған шимай. Иә, шимай. Оны тапқан археологтар, суреттен қарап отырған біз де соны салған алғашқы суретшінің (солай атайық) бұл шимайына таңдана қараймыз. Соны салып отырған адам осы сурет арқылы не айтқысы келді екен? Ұғына алмаймыз. Қандай ақпарат бергісі келді? Түсіне алмаймыз. Оның жанын не ауыртты, жүрегін не сыздатты, басынан не дәуір өтті, қандай хал кешірді? Бірақ сезіне аламыз. Ол бұл шимайын өнер деп ойлады ма?

Оқиға • 11 Қараша, 2020

Мажарстан түркологиясының інжу-маржаны

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен академия кітапханасында Тұран идеясын ту еткен ғалым, шоқтығы биік шығыстанушы, Мажарстан түркологиясының маңдайалды тұлғасы Дьюла Неметтің туғанына 130 жыл толуына орай «Мажарстан түркологиясы» атты халықаралық онлайн-конференция және осы шара аясында әлемдік түркологияның белді өкілі, белгілі ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің академия шығарған ежелгі қыпшақтардың байырғы тілі, жағрафиялық атаулары, Дунайдың төменгі сағасындағы татар-ноғай қауымының тілі мен ауыз әдебиетіне қатысты «Үзілмес тамырлар» және «Иштван Қоңыр Мандокидің библиографиясы» атты қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бағдарлы басқосу аясында Түркі академиясы мен Мажарстанның Қазақстандағы елшілігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2020

Достықтың дәргейінде кім бар, кім жоқ?!.

Жұмыстың жоғарғы жағында Жазу­шылар аллеясы бар. Аллея Абай көше­сінің бойында жатыр. Ілияс, Сәкен, Бейім­беттің мүсіні тұр. Төңіректегі халық үшін демалуға, кросспен шұғылдануға таптырмас мекен. Біз де бір мезгіл барып тұрамыз. Ойлануға, ой қорытуға ыңғайлы. Әдеттегі кешкі серуенде велосипед тепкен бір балақаймен қақтығысып қала жаздадым. «Байқап жүр» деп әрі қарай кете бердім. Бір кезде әлгі балақайдың сол бір сәтте айтқан сөзі ойыма орала кетті. Құдайым-ау, не деп еді?! Есіме түсті: «Брат, былай тұр».

Таным • 23 Қыркүйек, 2020

Болашақтан ұялу

Осыдан сексен бір жыл бұрын, дәл осы күні – қыркүйектің жиырма үшінші жұлдызында, Нью-Йоркте өткен Бүкіләлемдік жәрмеңке – EXPO көрмесінде бес мың жылдан кейін, яғни жетпісінші ғасырда ғана ашылуы керек «Уақыт капсуласы» жерге көмілген.

Руханият • 17 Қыркүйек, 2020

Диалог – ұлттық мінез

Уақыттар мен халықтар кеңістігіндегі әрбір ұлт пен ұлыстың тарихы секілді қазақтың да тұтас тарихы – диалогтар тарихы. Заман мен заман, дала мен адам, баба пен ұрпақ, хан мен қара, халық пен билік диалогы. Біздің тарихты бір жақты монолог ретінде қарауға болмайды, ол бірдің ғана сөзі емес, бірдің зары емес, бірдің шері емес, әрқашан бірі бірінен сөз сұраған, сөзге кезек сұраған, сөзге тоқтаған, дат айтқан, діл айта алмағанды тіл айтқан, тіл айта алмағанды қобыз бен домбыра айтқан, әйтеуір біртұтас сұхбатты, сырласуды, шерлесуді, ақылдасуды, кеңесуді ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылық ретінде қалыптастыра алған тарих.

Әдебиет • 16 Қыркүйек, 2020

Қашқай қызы – меңді қыз

Бала күнімізде, көбіміз «Шығыс жұлдыздары» деген алақандай ғана антологияны аса бір ынтықтықпен, құштарлықпен оқыған болармыз. Тоздырған болармыз саусақ уытымен. Бата сұраған бозбала Абайдай, біздің де бозбалалық тылсымның сырын ғайыптың тілімен жырлаған шығыс шайырларына таңырқаумен өтті емес пе?! Парсы-тәжік поэзиясының падишаһтары секілді ғашықтық ғазалын, даналық рубайын, тотықұстай құлпырған жімле дүниенің жұмбақ болмысын ашуға ұмтылған қасидаларды жазғымыз келді.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Қош бол, совет адамы

Бәлкім, Эдгар Поның кейіпкері («Человек толпы») секілді ағылып өтіп жат­қан адамдар нөпіріне құлықсыз я қызығу­шылықпен көз салып отыратын күй әрбір адамда болатын шығар. Болады ғой, адам болған соң. Қоғам көшесіндегі қым-қуыт қарбалас қай сәтте де назар аудартады. Кімді көресіз? Нені аңғарасыз?

Руханият • 03 Қыркүйек, 2020

Жаның қандай, жас өмір?

Қазақтың жаны қайда демеңіз, қазақ­тың жаны – қара өлеңде. Әулие қара өлең, осынау байтақ жұрттың ары да, жаны да, зары да, бары да сенде емес пе?!. Басынан өткерген алағай да бұлағай тағдыры, жүрек кешірген жадағай дәуірлері, жаралы жылдар да, ақжайнақ заман да, жонарақасымен сезген жойқын дерті мен серті де сенде екен ғой, қасиетті қара өлең! Қастерлі жанын қара қылышқа сақтайтын баяғының батырлары секілді, халық та өз жанын сөзде, сөзді өлең кейпінде сақтайды екен.

Оқиға • 14 Тамыз, 2020

«Жыр майданы» – жастықтың жаңа сәні

Жастық – әрқашан жаңашылдықтың жаршысы. Әрбір келген жаңа буын – жас толқынмен жаңаша пайым, соны бір соқпақ, өзгеше бір өрнек те бірге келеді. Әрбір жаңа ұрпақ өз сөзін айтуы тиіс қой.

Руханият • 08 Шілде, 2020

Қала рухы

Ұстаз әл-Фараби ізгі қала жайлы ой-толғамдарында қалалар мен қауымдар жайын талқылай отырып, халқы ымырамен, өзара ізгілік гүлзарында ықпалдасып ғұмыр кешетін қайырымды қалаға жанды ынтық, жүректі іңкәр етуші еді ғой. Сол қалаға қарама-қайшы құбылыс – ізгілікке құрылмаған қалалар жа­йын да баян қылғанда, надандық жайлаған қараңғылар қаласы, тән қалауын ғана қанағаттандырар қажеттіліктер қаласы, тұрғындары байлықты ғана аңсаған айырбас қаласы, жүрек тоналған бақытсыздар қаласы және басқаларды бағындыруды ғана көксеген билік құмарлық қаласын көріп, жан жадағай тартып, жүрек жүдейтін.