Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
77 материал табылды

Әдебиет • 22 Мамыр, 2020

Румидің көз жасы

Күннің күркірі еріксіз көкке қаратады. Жай оты жас­қантады. Ағыл-тегіл, ебіл-себіл нөсер. Ақындар оны – аспан күрсінді дер еді, аспан қаһарланды дер еді, аспан жылады дер еді.

Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 9

Карантин. Қалада – тыныштық. Көліктердің дауысы сирек естіледі. Үлкен жолдардың бойынан жырақтау тұрғанымызбен, төтенше жағдайға дейін мотор үні үйге кіріп келердей гүрілдеп жататын. Ең қызығы, кейінгі күндері таң қараңғысында талмаусырап жеткен тауықтың таң шақырған дауысын құлағым шалып жүр. Әлдеқайдан жеткен әтеш дауысы әлдебір тұста қалған ауыл өмірін есіме салып, елегзітеді. Күндіз жететін дауыстың күштісі – дауыс зорайтқыштан шығып жататын ескертулер ғана.

Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 8

Күшейтілген карантин. Терезе сыртынан көктем қыздың сыңғырлаған күлкісі естіледі. Бірде құстардың құйқылжыта салған көркем әніне ұласып, бірде желең киініп, шапанын желбегей жамыла салған жел-жігіттің желдірте салған әніне араласып жетеді. Күн көңілденіп тұр. Жиырма градус нөлден жоғары. Есіл өзені еркелей ағып жатқан шығар...

Әдебиет • 12 Сәуір, 2020

Әдебиет картасындағы «беймәлім аймақ»

Гетенің хатшысы Иоганн Петер Эккерман ұзақ жылдар бойы ақынмен екеуара әңгімелерін қағазға түсіріп, қаттап жүреді. Хатқа түскен халыққа жетпей тұрсын ба, сыпайы ғана сыр-сұхбат кейін өз жанрында шедеврге айналды. Осы әңгімелердің бірінде (1827 жылы) Гете мынадай ой айтқан екен: «Біз дәл осы кезеңде әлемдік әдебиет дәуіріне еніп барамыз. Бұдан былайғы уақытта әрбіріміз осы дәуірдің тезірек тууына септесуіміз керек». Батыс пен шығыс екі бөлек емес, біртұтас рухани кеңістік екенін ақынның шығыс шайырларына іңкәрлігі, шығыс тылсымына ынтықтығы сездірсе керек. Иә, содан бері мәдени айналымға «әлем әдебиеті» деген ұғым енді. Ұлттық әдебиеттер ұранқайдай қыр басында қалқайып қалмай, ауылдасты, қауымдасты. Әрқайсы өзінің ұлттық дүниетанымындағы ерекшеліктерімен, мазмұндық, формалық жаңалықтарымен жаһан алаңқайына шығып, бүкіләлемдік кітапхана сөресіне таласа бастады.

Қоғам • 09 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 7

Күшейтілген карантин.  Сәуірде жауған қар суынған сезімге ұқсайды. Оқыстан айтылған суық сөздей. Көктемнің алғашқы қарлығаштары – өрік пен шие гүлдері үсікке ұрынды. Біз оны терезеден көрдік. Жалпы, біз терезенің бергі жағында қалай болдық, біз қалай үй адамына айналдық?

Қоғам • 07 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 6

Күшейтілген карантин. Сирек біткен тал-дарақ, сетінеуік бұлттар, сырғақтай жауған себелек суық жаңбыр, сұрғылт күн, сабау қамшыдай сілтелген сартылдақ жел... Себепсізден-себепсіз жылағың келеді.

Қоғам • 05 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 5

Күшейтілген карантин. Әуелде таңсық болды, тіпті сені шектейтін әлеуметтік догма секілді сезілетін, уақыт өте келе өмір сүру образына айналып барады. Аз уақыт ішінде біз соған бейімделіп келеміз. Ал терезе сыртындағы көктем ештеңеге көнер емес.

Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 4

Күшейтілген карантин. Біз көктемнен, көктем бізден тығылып жүргендей. Ойлар, сезімдер жасырынбақ ойнайды. Аңсамауға, сағынбауға, іздемеуге, бауыр мен достың жүзін көрмеуге іштей беки түстік. Оңтүстікте өрік гүлдеп жатса да. Өзіңнің ғана емес, солардың амандығы үшін де.

Таным • 02 Сәуір, 2020

Бетперде киген көктем - 3

3. Карантин. Редакция. Күн оған қарай ма, 06:47-де шығып алған. Әлем үйінде отыр. Әлемнің үйі – жер шары. Бәріміздің үйіміз. Сонша үлкен көрінуші еді, алғаш айналғандар 80 күн жүріп еді, сөйтсек, бір ғана бөлме екен ғой. Бір үлкен қонақ бөлмесі. Тар, тымырсық. Шында түшкіргенді Машын естиді, Америка жөтелсе, Африкада біреу аттан ауып түседі. Құлағыңа піл түшкіргендей.

Әдебиет • 01 Сәуір, 2020

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ. Коронавирус

(әңгіме) Академик Қалтай Қарабалин аяқ астынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар. Кемпірі жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер келді де Қалтайдың ыстығын өлшеді.  Ыстығы 38-ден асты. Бұл дәрігерлерді аяқ астынан әбігерге түсірді. 5-10 минут өтпей Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетті. Дезинфекция жасалды. Бәрінің беттерінде маска бар. Шұғыл түрде қан алып, «тергей» бастады.