Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1640 материал табылды

Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Қызылорда: Нашақорлыққа қарсы үгіт бригадалар сайысы ұйымдастырылды

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақтағы орта  және  арнаулы  орта,  жоғары  оқу  орындары студенттері арасында үгіт  бригадалар  сайысын  ұйымдастырды.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Қызылорда: Автокөлік апатынан 3 адам қайтыс болып, бес адам жарақат алды

Кеше түнгі 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданындағы Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Қызылорда: Қалалық полиция басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы қызметіне Ермек Ысқақов тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан таныстырды.

Тарих • 04 Наурыз, 2020

Ғасырлардан аман жеткен ғажайып

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданына жол түсіп бара қал­саңыз, көне дәуір дерегін алдыңызға жайып салатын небір тарихи нысандармен танысасыз. Есте жоқ ескі заманда Оғыз мемлекетінің астанасы болған, әйгілі Қорқыт баба дүниеге келді делінетін Жанкент қалашығынан басталатын тарих көз алдыңыздан көлбеңдей өтеді. Одан бергі заманның куәсіне айналған талай нысандар аман сақталған аймақтың басты мақтанышы да көне күннен күмбір-күмбір сыр шертетін осы мұралар.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Қызылорда: Нақты іс қана нәтиже береді

Қызылорда облысының әкімдігінде білім саласындағы жаңа басқару жүйесі мен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жайын талқылаған аппарат мәжілісі өтті. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен өткен жиында халық санағын  өткізуге дайындық жұмыстары туралы да айтылды.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Қызылорда: Аудан орталығында спорт алаңдары салынады

Биыл Әйтеке би кентінде 2 спорт алаңы салынады. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Қызылорда: Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Едігеев Ғалым Қайырбекұлы облыстық  мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы сервистік дайындау ұйымдары мен қабылдау пункттерін дамытпақ

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірдегі бизнес-қауымдастық алдында берген есебінде айтты.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Байтақ елден бақыт тапқан

Тіршілікке енді талпынып келе жатқан құйттай сәбидің есінде не қалсын... 1937 жылы отбасы Хабаровск қаласынан эшелонға еріксіз тиеліп, бұрын ата-бабасы аяқ басып көрмеген қазақ даласына қарай бет алғанда Вилорий Шин бар болғаны 1 жасты енді толтырған екен. Заман түзелгенге дейін үлкендер сол депортация жайлы ара-тұра айтып қалатын. Үй-жайынан еріксіз ажырап, бір түнде пойызға мінгендер арасында ұзақ жолды көтере алмай үзіліп кеткендер де болыпты.

Руханият • 01 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бауырмал ұлтқа алғаусыз алғыс

Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақтармен бірге орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, грек, беларус, поляк сынды 13 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.