Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
54 материал табылды

Ауыл • 27 Желтоқсан, 2023

Бес ауылға газ жетті

Қызылорда облысында елді мекендерді газдандыру жүйелі түрде жалғасып жатыр. Биыл да 12 ауылға «көгілдір отын» кіріп, аймақты газбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетті.

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2023

Жүлделі жастар жобасы

Қызылордада «Inno.Fest Qyzylorda-2023» инно­­ва­циялық жобалар фестивалі өтті. Аймақ дамуына серпін беретін жаңа инновациялық идеяларды қолдап, ІТ бағытқа қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға жол ашатын байқауға қатысқан 250 команда­ арасында өңір жастарынан бөлек Астана, Түркістан қалаларының өкілдері болды.

Экология • 20 Желтоқсан, 2023

Теңіз табанындағы тіршілік

Көп жылдан бері Аралдың ұлтанына сексеуіл егу қолға алынып, құм мен тұз бораған теңіз табанынан тіршілік белгісі байқалып келеді. Былтыр ЮСАИД даму агенттігі мен Аралды құтқарудың халықаралық қоры осындай алқаптарды суару үшін теңіз ұлтанынан таза судың көзін тапты. 700 метр тереңдіктен шығып тұрған тұщы су сексеуіл өскіндерін суаруға және «Барсакелмес» қорығындағы аң мен құсты осы маңайға тұрақтандыруға сеп болмақ.

Аймақтар • 30 Қараша, 2023

Сыр ғалымдардың олжалы сапары

Сыр өңіріндегі тарихи қатпары қалың қалаларға өткен ғасырда жасалған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы материалдары қазір Ресей мұрағаттарында жатыр. Осыған байланысты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мұрағатында және мемлекеттік Шығыс халықтары музейінде болды.

Құқық • 24 Қараша, 2023

Қауіпсіздік – ортақ іс

Қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту, олардың алдын алу – бүгінгі күні қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл ретте өңір­де тәртіп сақшылары мен тұр­ғындардың бірлескен қимылы ар­қасында атқарылған жұмыс нә­тижесі айқын көрініп отыр.

Аймақтар • 20 Қараша, 2023

Делдал тыйылса, баға да айылын жияды

Үкімет әлеуметтік маңызы бар деп белгілеген 19 түрлі азық-түлік тауары арасында Сырда өндірілетіні – күріш пен тұз ғана. Өңірдегі базарлар мен сауда орындары қалған тауар түрлерін сырттан алдырып отыр. Мысалы, облыс орталығындағы «SMALL» супермаркеті сөресінде белгіленген азық-түліктің тек бесеуі ғана бар. Сауда желісіндегілер осы 19 түрдің бәрін де қою­ға ынталы.

Руханият • 20 Қараша, 2023

Қайраткер рухына құрмет

Қызылордада «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған конференцияға қайраткердің өмір жолы мен қызметін зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шаруашылық • 17 Қараша, 2023

Табыс көзі – шағын бизнес

Жалпы, Сыр бойындағы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу ісінің басында осы өңірдің брендіне айналған күріш тұратыны анық. Әрине, кейінгі жылдары ет-сүт, басқа да тамақ өнімдерін өңдеудің талпынысы байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер жаңа жобалар жасап, осы салада тың бастаманы қолға алып жатыр.

Қаржы • 14 Қараша, 2023

Қаржылық сауат алаяқтықтан сақтайды

Қазір алаяқтардың арбауына түсіп, қас пен көздің арасында қыруар қаржысынан айырылып қалып жатқандар көп. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті биылғы 10 айда «Q-Net» қаржы пирамидасы ұйымына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде 53 млн теңге көлемінде 40 адамға келтірілген залал толығымен өндіріліп, 47 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынған.

Тарих • 09 Қараша, 2023

Қаратаудағы қазына

Қойнауы құт Қаратауда баға жетпес тарихи қазына жатыр. Ол – осыдан 20 жылдай бұрын ғылыми айналымға енген Сауысқандық петроглифі. Екі мыңыншы жылдар басында тарих ғылымдарының докторы, белгілі археолог Мадияр Елеуов бастаған археологиялық зерттеулер барысында таудың Сауысқандық шатқалынан бағзы бабаларымыз тасқа қашап жазған жазбалар табылады. Он мыңдаған сюжет арқылы тас және қола дәуірін, одан кейінгі кезеңдер бейнесін сипаттаған кешен аумағы 500 гектарға жуық.