Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1539 материал табылды

Коронавирус • 31 Мамыр, 2020

Қызылордада вирус жұқтырған 23 адам тіркелді

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында тағы 23 адамның індет жұқтырғаны анықталып, олардың жалпы саны 380-ге жетті. Осының ішінде 233 науқас сауығып шыққан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.

Тарих • 31 Мамыр, 2020

Жанымызды алып қалған бір уыс бидай - Әнуза Елкейқызы

Отызыншы жылдардағы ашаршылық қазақ тарихының қаралы беті.  Қазір «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген саясаттың салдарынан қолдағы барынан айрылып, түңдігі ашылмай қалғандардың, жұт жайлаған жұртынан ауа көшкендердің саны да әртүрлі айтылып жүр. Анығы – өзегі талып өлгендердің тым көп екендігі.

Таным • 31 Мамыр, 2020

Қайраткерге лайық құрмет көрсетсек

Биыл ғұмырын Түркістан халқ­ы­ның теңдігі мен тәуелсіздігіне арнаған қайраткер Мұстафа Шоқай­дың туғаны­на 130 жыл толады. Шүкір делік, азат­тықтың алғашқы жылдарынан-ақ түр­кінің түгелдігін көксеп өткен, осы идеяны өмірінің мәніне айналдырған тұлға туралы аз жазылған жоқ.

Тарих • 31 Мамыр, 2020

Көпке беймәлім Көкарал лагері

1930 жылдың мамыр айында КСРО Халық комиссарлары кеңесі «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдайды. Осының негізінде көп ұзамай Қарағандыдағы «Гигант» шаруашылығы еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылады. Қазақ жерінде «еңбекпен түзеу» дегенді желеу еткен жазалаушы лагерьлер осылай пайда бола бас­тап еді.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Қызылорда қаласында 200-ден аса көше жөнделеді

Қызылордада биыл «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында біраз бастама жүзеге асады. Бұл туралы бүгін қалалық  баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары айтып өтті.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Есепте тұрғандар үшін жәрмеңке өтті

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік - құқықтық көмектің  бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Адамдар қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібінде  суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен орман және дала өрттері,  орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері қаралды.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық адамның асыл қасиеті. Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Полиция саласына жастар қызығушылығы артып келеді

Қызылорда облысы Полиция департаментіне  өндірістік практикадан өтуге келген ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 12 курсанты қорытынды мемлекеттік аттестаттауды қашықтықтан оқыту форматында «Платонус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдана отырып, онлайн режимінде тапсыруда. Шараны ұйымдастыруда департаменттің кадр саясаты басқармасы тарапынан көп көмек жасалды.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жүздеген тұрғынға жұмыс табылды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі балалар кітапханасы мен Қармақшы ауылдық округіндегі «Балбөбек» балабақшасы ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.