Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1539 материал табылды

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Қызылорда: Еріктілер қарияға қамқорлық танытты

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы волонтерлер орталығының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен кәріс этномәдени бірлестігі өкілдері тыл ардагері Ге Хак Римнің үйінде болып,  қора жайын тазалауға көмектесті.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Қызылорда: Тұрғындарды құжаттандыруда кідіріс жоқ

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылып, тұрғындар жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуде біраз қиындық тартқаны рас.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Қызылорда: Журналистер марапат иеленді

Жыл сайын  Сыр өңірі журналистері арасында  нашақорлық  пен  есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  шараларын, қоғамда осы қатерлі әдетке қарсы иммунитет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды көрсеткен  репортаж  және  мақала   сайысы  жарияланды.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы: Колледж жылыжайы өнім бере бастады

Қазалы  ауданындағы аграрлы-техникалық колледжінің жанынан арнайы жылыжай ашылып, алғашқы өнімін бере бастады.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Қарақұйрық атқан браконьер ұсталды

18 мамыр күні Шиелі аудандық Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері мен «Охотзоопром» РМҚК өкілдерінен жасақталған рейдтік топ Шиелі ауданы аумағында күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлігін тоқтады. Көлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрықтың денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды

13 мамырдан бастап облыс орталығындағы Шанхай мөлтек ауданында өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін, басқа да күнделікті қажетті азық-түлік тауарларын төмен бағада сататын тағы бір «Әлеуметтік маркет» жұмысын бастады. Бұл Қызылорда қаласында ашылған 30-әлеуметтік дүкен. Сондай-ақ жыл соңына дейін қалада 18 және аудан орталықтарында қосымша 14 әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов баяндады.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Еріктілер зейнеткердің баспанасын жөндеп берді

Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасынан еріктілер тобы құрылып, өз қаражаттары есебінен зейнеткердің  баспанасын  шатырлап берді. Бұл туралы Жалағаш аудандық пробация қызметі мамандары хабарлайды.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Алты науқас індеттен айықты

Бүгін түс қайта облыста коронавирус індетінен тағы 6 науқас емделіп шыққаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Балабақша ұжымы мақтааралдықтарға көмек көрсетті

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндедегі «Алпамыс» балабақшасының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қызылорда облысының әкімі: Тұрғындар бағдарлама игілігін сезінуі керек

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жұмыс сапары Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданында жалғасты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.