Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1548 материал табылды

Өнім • 22 Маусым, 2023

Аралдықтардың алғашқы өнімі

Қызылорда облысындағы жеті ауданның ішінде күріш екпейтін аймақ – Арал ­ауданы. Негізінен балық, мал шаруашылығымен айналысатын Сырдария­ның теңізге құяр тұсындағы өңір тұрғындары жер несібесіне кейінгі жылдары ғана бет бұрып келеді. Биыл мұнда 87 гектар көкөніс, 342 гектарға бау-бақша дақылда­рын егу межеленген.

Кәсіпкер • 19 Маусым, 2023

Қайтарымсыз гранттың көмегі

Сыр бойында құрылыс материалдарын өндіру аясы кеңейе түсті. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған «Әсет» ЖК салаға қажетті жаңа өнімдерді шығаруға кірісті. Шағын өндіріс орны ұлттық жоба аясында қайтарымсыз грантқа ие болыпты.

Өнер • 18 Маусым, 2023

Өрісі кең отбасылық ансамбльдер

Қазалыдағы Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты республикалық дәстүрлі отбасылық ансамбльдер байқауы өтті.

Экономика • 08 Маусым, 2023

Басты бағыт – экономиканы әртараптандыру

Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңы­нда өңірдің әлеуметтік-экономика­лық дамуы туралы баяндап, журна­листердің сауалдарына жауап берді.

Аймақтар • 07 Маусым, 2023

Суға батқан жігітті құтқарып қалды

Қызылордада суға түсу маусымы ашылғаннан-ақ полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері үшін қауырт жұмыс басталады. Дария мен су айдындарын аралайтын олар тұңғиыққа батқан талай жанды құтқарып қалып жатыр.

Аймақтар • 07 Маусым, 2023

Қызылорда облысы инвестиция тартудан алда тұр

Былтыр Қызылорда облысына 400 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша өңір еліміздегі үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Маусым, 2023

Құндылыққа құрмет

Сыр өңірінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай жүзге жуық іс-шара өтті. Атаулы күн аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері сап түзеді.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2023

Шіріген өнім, шарасыз басшы

Жуырда әлеуметтік желіде Қызылордадағы қоқыс полигонында шіріген көкөністің үйіліп жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Артынша-ақ тонналаған өнімнің «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қоймасынан шыққаны белгілі болды. Жұрт бюджеттен бөлінген қаржыға арзан өнімдер сатып алып, бағаны тұрақтандыруға үлес қосуға тиісті құрылым өкілдерінің қоқыстағы көкөністі жедел көміп жатқанын да көрді.

Инфрақұрылым • 30 Мамыр, 2023

Қай салада да ілгерілеу бар

Биыл Қызылорда қаласында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден 54 млрд теңге бөлініп, бірқатар жоба басталды. Қазір шаһарда Неке сарайы, Өнер орталығы, Қан орталығы секілді ірі нысандар салынып жатыр. «Қазгермұнай» БК» ЖШС заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының жобасын қолға алды. Облыс орталығында сәулетті, еңселі нысандар салуға жеке инвесторлар да қомақты үлес қосып отыр.

Өндіріс • 30 Мамыр, 2023

Өркен жайған жаңа өндіріс

Қызылордадағы өңірлік ком­муникация қызметінде аймақ үшін маңызды нысан­­дарға көш­пелі бри­финг ұйым­дас­ты­ра­тын бір жақсы дәс­түр бар. Өткенде бұқ­ара­лық ақпарат құралдары өкіл­де­рі осындай брифинг аясында құрылысы жаңа бас­­талып жатқан «Қызылорда – Жез­қазған» күре жолындағы жұ­мыс барысын көріп қайт­қан. Ал жуықта осын­­дай сапармен қала ір­г­е­­­сіндегі шыны зауытына бар­­дық.