Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1539 материал табылды

Көрме • 10 Наурыз, 2024

Тұран ойпатының өркениеті

Қызылордадағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галерея­сында Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі фотосуретші Шакимардан Мәжитұлының «Тұран ойпатының өркениеті» атты көрмесі ашылды.

Өнер • 08 Наурыз, 2024

Батыр аналар ансамблі

Әсілі, «Әйел қырық шырақты» деген сөз тегі рас. Әйтпесе, бұлардың да жұрт қатарлы бірі күріштіктен, бірі сауын фермасынан келгені жаңа. Келе сала кешкі астың қамына кірісіп, үйдегілердің ас-суын беріп, балалардың ертеңгі сабағын бір пысықтап, клубқа қарай келе жатыр. Тіпті үйде отырғанның өзінде де бітпейтін тірлік пен 10 баланың қамы қалжыратпай қоя ма?!

Тәрбие • 07 Наурыз, 2024

«Тәрбие – тал бесіктен» десек те...

Жыл басынан бері Қызылорда облысында мектеп оқушылары ара­­сындағы төбелестен 2 баланың өмірі қиылды. Әуелгісі қаң­тар айында Сырдария ауданындағы Аманкелді ауылында болды. Арада ай өткенде дәл осындай жағдай Қызылорда қала­сының іргесіндегі Белкөл кентінде қайталанды. Бұл жолғы құрбан – кенттегі № 189 орта мектептің 9-сынып оқу­шысы. Он бірінші ақпан күні түс ауа сабақтан шыққан бала үйіне жете алмай қалды. Өзінен бір сынып жоғары оқитын баладан алған соққыдан көпқабатты үй алдында үзілген 16 жасар бозбала өлімінің себебін анықтау үшін сот-меди­ци­налық сараптама тағайындалып, 12 ақпанда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін айдың-күннің ама­нында бала өліміне жол берген мектеп басшылары мен олар­дың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметінен боса­тылды.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Үнем шығыннан сақтайды

Қызылордада Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен кездесіп, вегетация кезеңіндегі болжамды су көлеміне сәйкес егін егу мәселесін талқылады. Кездесуге су үнемдеу технологияларын қолдануда тәжірибесі бар кәсіпорын өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Форум • 04 Наурыз, 2024

Анаға тағзым

Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы өтті. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көпбалалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Қоғам • 04 Наурыз, 2024

Журналистиканың өзекті тақырыбы

Қызылордадағы «Болашақ» университетінде «Қазақ жур­на­­листикасының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мә­жілісі өтті. Оқу орны мен жергілікті «Сыр медиа» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған басқосуды университет құрыл­тай­шысы, академик Бақберген Досманбетов ашып, саланың өт­кені мен бүгіні және алда тұрған мәселелер тура­сында әңгі­ме өрбітті.

Аймақтар • 29 Ақпан, 2024

Құрбылар қосымша ойлап тапты

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Алуа Едігеева мен Азиза Жақыпбек «Naqyl söz» атты қосымша ойлап тапты.

Маман • 29 Ақпан, 2024

Маман зәрулігі шешіліп келеді

Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдай­мен салыстырғанда қазіргі медицина әлдеқайда алға басты. Осы күні облыс, аудан орталықтарынан бөлек ауылдарда да жаңа емханалар салынып, халықтың саулы­ғын сақтаудың аясы кеңейді. Әрине, бұрынғы мен бүгінгіні салыс­тырғанда әуелгі әңгіме маманнан басталатыны даусыз.

Халық • 28 Ақпан, 2024

Сыр бойынан сая тапқан

Сол жолы тоғыз жасар балаға осы бір ұзын-шұбақ теміржол таусылмайтындай, бар өмірі осы эшелонда өтетіндей көрінген еді. Қайда табан тірері, алда не күтіп тұрғаны бей­мәлім, ара-тұра шет-шегі жоқ да­ла­ға қарап көз талдырып келе жат­қан­дарына әлденеше күн болған.

Сенат • 27 Ақпан, 2024

Сырда сенаторлар талқылаған су мәселесі

Кеше Қызылордада Сенаттың Аграр­лық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің мәселелері мен перспективалары» атты көшпелі отырысы өтті.