Бақытжан Елік
Бақытжан Елік«Egemen Qazaqstan»
11 материал табылды

Пікір • 09 Қазан, 2024

Қазақстанның адамзатқа тартуы

Ватиканның дін қайраткерлері Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінен бас­тап қатысып келеді. Мен де осыдан екі жыл бұрын өткен VІІ съезге қатысып, сөз сөйледім. Біз бұл жаһандық жиынды жоғары бағалаймыз және мұны Қазақстанның адамзат баласына жасаған тартуы деп түсінеміз.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2024

«Ауыл аманатының» аясы кеңейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм мәселелері айқындалып, стратегиялық бағдар мен алдағы нақты міндеттер белгіленді.

Аймақтар • 25 Шілде, 2024

Ертең Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл • 23 Шілде, 2024

Шалғайдағы ауыл шабындықтан тарығып отыр

Биыл Тобыл-Торғай өңірінің шабындығы шүйгін, жайылымы отты, шөбі шұрайлы. Күнұзақ мал азығын дайындаудың қамымен жүрген ша­руа­қор жұрт мұны, бұйырса, алдағы қыстан қысылмай шығамыз деп жақ­сы­лық­қа жорып отыр. Дегенмен көкорай шалғыны мол қопа-сайлар­дың суы әлі кете қоймағандықтан, қазір қырдың шөбіне ғана шалғы түсіп жатыр.

Саясат • 06 Шілде, 2024

Астана декларациясының айтары мол

Әлем көз тігіп отырған бұл бірегей басқосу өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Астана саммитін тарихи тұрғыдан айшықтай түсетін бірнеше факторды атап өтуге болады. Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысы Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдаумен ашылды. Бұл – жүйелі жүргізіліп келе жатқан жұмыстардың жемісі әрі аумақтағы қауіпсіздікті нығайта түсетін қадам.

Қоғам • 04 Шілде, 2024

Ұлылар үндестігі

Жуырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Науаи мен Абай: жалпыадамзаттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында халықаралық форум өтті. Аталған оқу орнының тікелей бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық форум Науаи мен Абайдың бай мұрасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін насихаттау, ұлы ойшылдардың мұрасын зерттейтін әлемнің жетекші ғалымдары арасында диалог пен ынтымақтастық үшін жаңа алаң құруды мақсат етеді.

Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Аймақтық медианың ауқымды мәселесі

Ұлттық және өңірлік мерзімді баспасөз қоғамдық-саяси, әлеуметтік маңызды тақырыптардың алаңы ғана емес, рухани-мәдени, дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен таратудың кепілі де. Толассыз ақпарат тасқынын ұсынған әлеуметтік желінің әлеуетіне табындырған цифрлық революцияның дәуірінде мерзімді баспасөз өнімі арқылы ұлттық мүддені қорғап, жаңалық жеткізудің тиімді құралы болу – бүгінгі медиа нарықтың басты мәселесі. Бес мыңнан аса ақпарат құралы тіркелген елде оның өнімін тұтыну мәселесі де күн тәртібінен түспек емес. «Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» атты тақырыппен Алматыда басталған Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының ІІ республикалық форумында ұлттық медианың келешек тағдырына керек тақырыптар талқыланды.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2023

Елімізге көрсетілген сенім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы дәстүрлі саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Жиында орнықты даму мақсаттарын ілгерілету мәселесі талқыланып жатыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Өйткені құжат қабылданғалы межеленген 15 жылдың жартысы өтті. Қазіргі өзге­ріс­тердің, халықаралық қатынастар жүйе­сіндегі дағдарыстың салдарынан орнықты даму мақсатына қол жеткізу күрделі мәселеге айналды.

Экономика • 24 Қаңтар, 2023

Зейнетақының ең төменгі көлемі артты

2022 жылы республикалық бюджеттен 2,9 трлн теңгеден аса сомаға зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 883,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 2 022,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қор­­ғау министрлігі хабарлады.

Саясат • 10 Қаңтар, 2023

Халықтың тілегі

Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов «Аmanat» партиясы Түркістан облыстық филиалында жиын өткізіп, өңірдің аграрлық саласы бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Отырысты партияның аймақтық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев ашып, жүргізіп отырды.