Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Шыңғыстың шыңы

Төртінші сынып оқитын қостанайлық Шыңғыс Ағыбаев есту қабілеті за­қым­­данған балалар арасында өткен ха­лықаралық музыкалық онлайн-фестивальдың жеңімпазы атанды.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Қостанай қаласының 5106 тұрғыны “BIRGEMIZ” қорынан көмек алды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев таяуда бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлем ұйымдастыруды тапсырғаны белгілі. Бұл мақсатқа «Birgemiz» қорынан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы қаржылай көмекке жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанайда жүр

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда. Сапар барысында ол қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Құс фабрикасына қолдау көрсетіледі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық өңіріне барды. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында құс тұмауынан карантинге жабылып, өндірісі тұралап қалған «Агроинтерптица» серіктестігінде болып, кәсіпорында жүргізіліп жатқан санитарлық шаралардың барысымен танысты.

Ахмет Байтұрсынұлы • 13 Қазан, 2020

Бестамақта жазылған беймәлім мақала (Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды)

Қазақ жұртының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін беймәлім болып келген тағы бір мақаласы табылды. 1896 жылы «Тургайская газета» басылымында орыс тілінде жарияланған. Мақаланың толық атауы – «Корреспонденция (от нашего корреспондента) Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Әдетте, Ахаңның қаламынан тамған әр тамшы сыяға қазақ тағдырының қилы кезеңдерінің бір сәті сыйып жатады. Қайраткер тұлға бұл мақаласында сол кездегі Ақтөбе уезіне қарасты Бестамақ болысында шешек індетіне қарсы екпе жасайтын фельдшерлік мекемелердің пайда бола бастауын қуана құптап, қазақ­тың сауатты әрі тиімді дәрігерлік көмекке көптен мұқтаж екенін тілге тиек етеді.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Қостанай облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің өкіміммен Тимур Қалымжанұлы Бисимбаев облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 12 Қазан, 2020

Қостанай облысында ҰҚКД-нің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы лауазымына Сергей Александрович Климчук тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Қостанайда инжиниринг орталығы ашылады

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университеті мен жергілікті машина жасау зауыты жанынан автоөнеркәсіпке қажет мамандарды даярлайтын заманауи инжиниринг орталығы ашылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Праймеризге қатысушылар марапатталды

Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов партияішілік іріктеуге қатысушылармен кездесіп, праймериз қорытындылары мен үгіт-насихат жұмыстары барысында көтерілген өзекті мәселелер турасында сөз қозғап, барлық қатысушыларға алғыс хат табыс­тады.

Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Қостанайда жұмыртқа қымбаттады

Арқалықтағы алпауыт құс фабрикасы карантинге жабылған соң, Қостанайда жұмыртқа қымбаттап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.