Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Экономика • 16 Маусым, 2020
«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» биыл бірінші тоқсанда үш миллион тоннадан астам өнім шығарды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, кен алыбы өнім көлемін 24%-ға еселеген. Қазір темір рудасының негізгі көзі саналатын «Қашар» кенішіне «Ақылды кеніш» технологиясын енгізу арқылы өндіріс қуатын арттыра түскен бірлестіктің өндірістік шығыны кеміп, өнімнің көлемі мен сапасы артып отыр.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанайда Абай әндеріне арналған онлайн-концерт өтті
Қостанайдағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары жазғы демалыс күндері мектептен тыс концерттер ұйымдастыруды бірталай жылдан бері дәстүрге айналдырған. Әдетте, мұндай шараларды тамашалауға негізінен мектеп жанынан ашылған лагерлер мен балалар клубына қатысатын балғындар баратын. Ұйымдастырушылар биыл дәстүрлі концертті онлайн түрде өткізуді жөн көріпті. Басты тақырып – Абай әндері, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанай облысында зейнеткерлерді алдап ақша тауып келген алаяқтар ұсталды
Рудный қаласында ақпан айынан бері 10 шақты зейнеткерді алдап, заңсыз пайда тауып келген 4 алаяқ ұсталды. Қарағанды қаласынан келген 1 әйел және 3 ер адамнан тұратын қылмыстық топ қаладағы қарт кісілердің 5 млн теңгеден астам ақшасын қолды еткен, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Тұрғындар полицияға 36 қару тапсырды
Қостанай облысында өткен "Қару" жедел алдын алу шарасы барысында лицензиялық рұқсат ережесін бұзғаны үшін 45 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Маусымның сегізінде басталған іс-шара қылмыстың алдын алу мақсатында жүріп жатыр, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қостанай облысында 70 елді мекенге ауызсу көлікпен тасымалданады
Биыл аймақта 29 ауылды сапалы ауызсумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 қалада ескірген су және кәріз құбырлары жөндеуден өтеді. Бұл туралы "Қостанай су" МКМ-не барған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қостанай қаласына Тобыл арқылы кіре берістұста бірнеше табиғи бұлақ көзі бар. Жергілікті жұрттың пайымында жердің астынан атқақтап шығып жатқан бұл қайнар бастаулардың суы ең таза әрі денсаулыққа шипасы мол деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан көптеген тұрғындар бірталай жылдан бері ауыз суды осы бұлақтардың басынан алып келеді. Алайда эколог мамандар қала маңындағы бірде-бір бұлақтың суы ішуге жарамайды деп дабыл қағуда.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы пара бергені үшін тергеуге алынды
Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Полиция заңсыз балық аулайтындарға тұсау салмақ
Заңсыз балық аулаушыларға қарсы рейд шарасын табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған жұмыс топтары балық уылдырық шашатын жерлер мен ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарды аралап, су қоймалары маңындағы жолдарға шолу қойған, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Қостанай облысында 29 ауылға ауыз су тартылады
Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов елді мекендерді сумен қамту жобаларын іске асыру жөнінде жиын өткізді.