Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Қостанай облысына қатынайтын 8 пойыз тоқтады

Бүгіннен  бастап Нұр-Сұлтан – Челябі бағытындағы жолаушылар пойызы мен Тобыл стансасы арқылы өтетін Нұр-Сұлтан – Атырау, Нұр-Сұлтан – Орал,  Барановичи – Қарағанды,  Арқалық – Нұр-Сұлтан,  Орал – Алматы-2 бағытындағы пойыздар тоқтады.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Қостанай облысында қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынды

Қостанай облысының тұрғындарына 2 сәуірден бастап қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынды. Такси мен жеңіл көліктегілер де маскалық режімді сақтауы тиіс. Бір көлікке екі адамнан артық мінуге болмайды. Жеке көлік жүргізушілері де міндетті түрде бетперде тағып, қолғап киіп алуы керек. Тұрғындардың бәріне бірдей қойылған талап – осы.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Қостанай облысында 224 мектеп қашықтан оқытуға көшпейді

Қостанай облысының шалғайдағы шағын елді мекендеріндегі шәкірт саны 80-нен аспайтын оқу ошақтары қашықтан оқытуға көшпейтін болды. Мұндай мектептерде қазір жалпы саны 7 жарым мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Бастысы, қашықтан оқытуға көшпейтін білім мекемелерінде санитарлық талап қатаң сақталатын болады. Балалар екі ауысымда оқиды және әр сабақтан кейін сыныптар желдетіліп және дезинфекциялаудан өтеді. Ауысым арасындағы үзіліс кемі бір жарым сағат болады. Оқушылар міндетті түрде медициналық масқа тағуы тиіс.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Қостанай облысында браконьерлер ұсталды

27 наурызда Жангелдин ауданына қарасты Қарасу ауылынан 30 шақырым жердегі Сұпылы мекенінде ұсталған екі браконьер Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының тұрғындары болып шықты. Полицейлер күдіктілер мінген «Нива» автокөлігінен екі аңшы мылтығын, 133 оқ, 2 ақбөкен мүйізін алып шыққан.  Сондай-ақ, автөкөліктің жүксалғышынан спорт сөмкесі мен егеу табылған. Табиғат сақшылары көлік ізімен жүріп отырып, 3 ақбөкен өлігінің үстінен түседі. 

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Қостанай облысындағы жеңіл өнеркәсіп ұйымдары жаппай медициналық маска тігуге көшті

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысында айтты.

Руханият • 31 Наурыз, 2020

Науырзымға аққулар наурызда қонады

Қашанда күн райының қас-қабағын аңдап, аң-құстың мінезін бағып, соған қарай әр нәрсені ырымдап отыратын табиғатқа етене жақын Науырзым өңіріндегі ел «бірінші ақу-қаз ұшып келсе, көктем ұзарып кетеді, ал үйрек келсе, көктем қысқа болып, жаз ерте шығады» деп болжайды. Биыл Науырзым қорығына қонған құстың басы аққу болды. Демек бұл жақта көктем ұзақ болады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қостанайда қоғамдық көліктер жаңа жұмыс кестесіне көшеді

Облыс әкімдігі 31 наурыздан бастап Қостанайда және қала маңында жолаушы тасымалдайтын автобус қозғалысы сирейтінін ресми мәлімдеді.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

BizBirgemiz: Игі істің басында - іскер әйелдер

Қостанай облысында #BizBirgemiz қайырымдылық акциясы аясында 60-тан астам  іскер әйел өңірдегі тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар мен жалғыз басты қарттарға, тіпті басын қатерге тігіп көпшілік орындарда тәртіп күзетінде жүрген полиция қызметкерлеріне де көмек көрсетуде.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: Қоғамдық орындарда режім тәртібін бұзу белең алып тұр

Полиция режім тәртібі бойынша талап етілген ережелер Қостанай және Рудный қалаларында жиі бұзылатындығын айтып отыр.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Қостанай облысында пандемияға қарсы режим қатаяды

Бүгін Қостанай облысының бас санитары індеттің алдын алу шаралары туралы қаулыға қол қойды. В.Нечитайло аймақта пандемияға қарсы шектеулер мен тыйым шаралары күшейтілгенін мәлімдеді. Енді облыс тұрғындарына бұған дейін де белгілі шектеулер мен тыйымдардың ауқымы кеңейіп, олардың бұзылмауы қатаң қадағаланады.