Аймақтар • 23 Ақпан, 2023
Тағы 1 миллион теңгеден беріледі
Былтыр Аманқарағайдағы өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданының тұрғындарына тағы 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Өткен жылдың қарашасында Әулиекөлдің іргесінен бой көтерген «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстанған 27 отбасы таяуда күнкөріс қиындап, коммуналдық шығындарын өтей алмайтын жағдайда отырғандарын айтып көмек сұраған.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
Рудныйдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Игорь Великов ағаштан ойып, неше түрлі ойыншық пен мүсін жасайды. Кезінде жазатайым пойыздың астына түсіп, саусақтарын түбінен кестіріп тастаған ол қолдың кемтарлығы қолөнермен айналысуға кедергі емес, дейді.
Ауыл • 21 Ақпан, 2023
Қойнауы құтты Қостанай облысы – тек егін шаруашылығы үшін емес, мал бағуға да аса қолайлы өңір. Алайда өрісі байтақ өлке қой саны жағынан облыстардың көш соңында келеді. Оған себеп көп. Біріншіден, жергілікті ет өңдеу зауыттары тек көктемге қарай болмаса, қыста ұсақ малдың етін сатып ала бермейді. Екіншіден, Тобыл өңірінде қойдың жүнін өңдеп, терісін илейтін кәсіпорын жоқ. Үшіншіден, әлемдік нарықта сұраныс жоғары бола тұра, шетелге қой сату мәселесі шешілмей тұр.
Ұстаз • 16 Ақпан, 2023
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің үш бірдей мұғалімі математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық білім сайысының жүлдесіне ие болды.
Бизнес • 16 Ақпан, 2023
Қостанайдағы «Жас-қанат 2006» құс фабрикасы жылына 250 млн жұмыртқа өндіреді. Кәсіпорын өнімдері облыс аумағынан тыс Астана, Алматы қалаларында да саудаланады. Сондай-ақ Ресей мен Ауғанстанға экспортталады. Фабрика кейінгі 2-3 жыл ішінде бизнесті әртараптандыру мақсатында жұмыртқамен қатар, құс етін де өндіре бастаған.
Жәдігер • 15 Ақпан, 2023
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған құнды жәдігерлердің бірі – Айтбай батырдың дулығасы. Көне мұраны мұражайға батырдың ұрпағы Сарыкөл ауылының тұрғыны Мұрат Жанұзақов тапсырыпты.
Өнер • 13 Ақпан, 2023
Қостанайда «Армандастар» облыстық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы болды. Бұл жолы күй атасы Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі өнер мерекесіне 16 мектеп театры, 21 би тобы қатысты.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2023
Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылының тұрғыны қорасындағы қойын қыстай жылы үйдің ішінде өсетін жем-шөппен бағып отыр. Ерхан Жетенбай мал азығын гидропоника әдісімен дайындайды. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіспен өскен мал азығы анағұрлым арзан әрі түліктің тез көтеріліп, семіруіне септігін тигізеді.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2023
9 ақпанға қараған түні Рудныйдағы Горняков көшесінде жылу құбыры жарылып, 24 көпқабатты, 59 жеке тұрғын үй және 17 кәсіпкерлік нысан жылусыз қалды.
Отбасы • 06 Ақпан, 2023
90-жылдардың басы – жаңа нарықтық қатынастардың ел ішіне енді ғана дендеп ене бастаған шағы. Басына тәңір сыйындай болып қона қалған тәуелсіздігіне тәу еткен тәубашыл жұрт сананы тұрмыс билей бастаған тұста абдырап қалғаны рас. Талабы нық нарық патша бұған дейін үкіметке арқа сүйеп әдеттенген үркердей жұртты әп дегеннен-ақ жұтатып жіберді. Әсіресе қиырда жатқан қазақы ауылдар үшін күнкөріс қиындады. Жайы қиынға, малы тиынға айналған біраз ағайын осы тұста қолындағы барын сатып, қалаға бет түзеді. Бір кездері өрісте малы шұрқырап, ошақта қазаны бұрқырап жататын қаншама ауылдың қалқиып көлеңкесі ғана қалды. Осы тұста табанды еңбек пен сұңғыла ақыл-парасатының арқасында туған жеріне тұтқа, еліне ес бола білген күрескер азаматтар шыға бастады.