Су тасқыны • 27 Наурыз, 2023
Торғай өңіріндегі Ақкөл мен Ахмет ауылының арасындағы күре жолды су басып кетті. Шалғайда жатқан екі елді мекеннің арасы шамамен 10 шақырымдай болады. Төте жол су астында қалғандықтан, тұрғындар бір ауылдан екінші ауылға бару үшін үлкен көлді айналып өтіп, жолсыз даламен 60 шақырым жүріп өтуге мәжбүр болып отыр.
Жәдігер • 27 Наурыз, 2023
«Ұлы дала әміршілері» Қостанайда
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы дала әміршілері» атты ерекше көрме ашылды. Музейдің бас ғимаратындағы үлкен залдан орын алған жүзге жуық көзайым жәдігердің бәрі ел астанасындағы Ұлттық музейден әкелінген.
Марапат • 27 Наурыз, 2023
«Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз...». Кейінгі буын жастардың ішінде хәкім Абайдан қалған аманатқа адал, ғылымсүйгіш балалардың көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Мысалы, таяуда ғана Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүрген үш бірдей оқушы Бельгия астанасы Брюссельде өткен «Student Research Conference» халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
Ұстаз • 26 Наурыз, 2023
Қостанай қаласындағы №7 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүрген жаңашыл мұғалімдердің республикалық семинары өтті. Ұстаздардың оқу-әдістемелік шеберлігін ұштау мақсатында ұйымдастырылған жиынға онлайн режімде Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларының жас мұғалімдері қатысты.
Үміт • 21 Наурыз, 2023
Жердің тоңы жібігенде, елдің өңін жылыттық...
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлан-асыр мерекелік шаралармен қатар, сауабы мол сан алуан қайырымды істердің көрініс беріп жатқаны көңіл қуантады. Халқымыздың көнеден үзілмеген озық дәстүрін, қанға сіңді қасиетін жаңғыртып жүрген қайырымды жандардың қатарында ірі кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме ұжымдары мен табысты спортшылар, тіпті, күнделікті қол еңбегімен нәпақа тауып жүрген қарапайым жандар да бар.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2023
Қостанайдағы Президент резиденциясы сауықтыру орталығына айналады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанның басында еліміздің бес аймағындағы Президент резиденцияларын балалар игілігіне жарату туралы тапсырма берген еді. Аталған бес аймақтың ішінде Қостанайдағы резиденция да бар.
Қоғам • 20 Наурыз, 2023
Таяуда ғана Әулиекөлде еліміздегі ең алып нәресте өмірге келгенін сүйіншілеп едік. Нұр шашқан наурыздың басында шыр етіп дүние есігін ашқан Айару бөпенің салмағы 7 килоға жақын! Қызығы сол, еліміздегі ең ұзын бойжеткендердің бірі де осы ауылда тұрады. 17 жастағы Аружан Ишанбекованың бойы екі метрден асады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Қостанай қаласындағы 93 сайлау учаскесінің алтауында дауыс беру аяқталды. Бұл сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар – уақытша тіркеудегі азаматтар. Яғни, әскери бөлімдерде отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар, ауруханаларда, онкология және туберкулез диспансерлерінде емделіп жатқан науқастар, тергеу изоляторындағы адамдар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанай облысының әкімі дауыс берді
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қалалық музыка мектебі ғимаратындағы №3 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл учаскеге 1600-ге жуық сайлаушы тіркелген. Өз таңдауын жасаған соң әкім БАҚ өкілдеріне сұқбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Қостанайда зейнеткер алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Қостанай қаласындағы № 11-сайлау учаскесіне 2 мың 600-ден астам сайлаушы тіркелген. Бұл учаскеге тізімделген он шақты сайлаушы үйден дауыс береді. Олардың ішінде 102 жастағы кейуана бар, деп хабарлайды Egemen.kz.