Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1751 материал табылды

Тарих • 10 Мамыр, 2023

Ржевте жерленген жауынгер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапары барысында Ржев қаласындағы қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге тағзым гүлін қойды. Бұл кешендегі мәрмар тасқа 1942 жылы Қостанай облысынан соғысқа аттанып, 79 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен Қасен Төлегеновтің де есімі қашалып жазылған. Кескілескен шайқаста опат болған боздақтың жатқан жерін ұрпақтары 2021 жылы ғана іздеп тапты.

Ауыл • 08 Мамыр, 2023

Шолақсай шуағы

Науырзым өңірінде кезінде мыңғыраған мал өргізіп, мыңдап егін еккен он шақты іргелі ауыл бар еді. Кеңес одағындағы ең ірі кеңшар саналған бір ғана «Буревестниктің» өзі неге тұрады? Бүгінде осы ауылдардың көбі, басы «Буревестниктен» бастап жүдеу-жадау күйге түскен. Жекелеген шаруашылықтар байып жатқанымен, олардың ауылға тигізіп жатқан игілігі шамалы.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2023

Қымбат құндылық

Қостанайдағы Жеңіс саябағында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері мен жергілікті әскери-спорт клубтарының курсанттары, сондай-ақ «Жас шекарашы» және «Жас сарбаз» үйірмелерінің кадеттері қатысқан салтанатты шеру өтті.

Жәдігер • 04 Мамыр, 2023

Әселханның домбырасы

Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақ­станның халық ақыны Әсия Беркенованың шығармашылық кеші өтті. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері қарайғы айтыс өнерінің шежіресі жыр боп шертілген тағылымы мол жиынға өңір зиялылары, мәдениет саласының өкілдері мен Әсия Әйіпқызының Ақаң университетіндегі «Өнер студиясы» мектебінің түлектері қатысты.

Жәдігер • 03 Мамыр, 2023

Көне қобыздың құпиясы

Осыдан екі жарым ғасыр бұрын жасалған көне жәдігер Науырзым ауданындағы Мереке ауылында тұр. Замана запыранын зар ғып төккен қара қобызды көздің қарашығындай сақтап, бүгінге дейін жеткізген осы ауылдағы Долдашевтар әулеті.

Экология • 02 Мамыр, 2023

Балыққа төнген зауал

Биыл сәуір салқындау болғандықтан ба, та­йыз су қойма­ларындағы балықтар қырылып жатыр. Табиғаттың тылсым зауалы 4 сәуірде Қостанай ауданындағы Озерный ауылы­ның шетіндегі көлде, 5 сәуірде Заречный­дың маңындағы су қоймасында байқалған. Балық инспекциясының мамандары дереу Заречныйдағы судан сынама алып, жарты тоннадан астам өлі балық теріп алды.

Табиғат • 30 Сәуір, 2023

Қырда құлпырған қызғалдақ

Науырзым қорығында қызғал­дақ­тың «Қызыл кітапқа» енген 4 түрі өседі. Бұл өңірдегі қос­гүлді, жатаған, шренк, биберштейн қызғал­дақтары сәуір-мамыр айларында Қарамеңді, Әулиекөл, Қайғы, Шолақсай, Аманкелдіге дейінгі сайын даланы сан түрлі бояуға малып, құбылта құлпыртып, жұпар аңқытып жібереді.

Фотогалерея • 27 Сәуір, 2023

Құстар, құстар...

Қостанайда жергілікті орнитолог-ғалым Алексей Тимошенконың 20 жыл бойы түсірген фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция залына орналасқан көрменің ашылу рәсіміне жергілікті биолог-ғалымдар мен Науырзым қорығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Көрмені тамашалауға келгендерге орнитологтің ұлы Никита Тимошенко тамаша күй орындап берді. Никита үш жылдан бері домбыра үйірмесіне барып жүр.

Қоғам • 27 Сәуір, 2023

Ер Кейкі – ел есінде

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықтың Кейкі батыр туралы жаңа жинағының тұсауы кесілді.

Қылмыс • 26 Сәуір, 2023

Бидай контрабандасы өршіп тұр

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуірден алты ай мерзімге дейін ел аумағына сырттың бидайын автокөлікпен әкелуге тыйым салғаны белгілі. Алайда соған қарамастан шекараның арғы бетінен астыртын бидай алып өтпек болған жүк көліктерінің легі толастамай тұр.