Коронавирус • 13 Тамыз, 2021
Қостанай облысында Ashyq жүйесінің көмегімен қоғамдық орындарда, көпшілік ортада еркін қыдырып жүрген «қызыл» мәртебелі – 175, «сары» мәртебелі 146 адам анықталды. Олардың ішінде Лисаков, Рудный, Қостанай қалаларының, сондай-ақ Қостанай және Алтынсарин аудандарының тұрғындары бар екені анықталып отыр.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдеді
Қостанай облысында мейрамханаларға түнгі 2:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында күзгі науқан әдетте тамыздың жиырмасынан кейін қызатын. Ал биыл жаңбырсыз жаздың аптап ыстығынан астығы көтерілмей қалған шаруашылықтар алқаптағы егінді ерте жинап ала бастады.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2021
Қостанай облысында көбелек жұлдызқұрты көбейіп кетті
Мамандардың айтуынша, көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2021
Амангелділік шаруалар Маңғыстау облысына екі вагон шөп жөнелтті
Жердің пейілі тарылғанымен, елдің пейілі тарылмақ емес. Биылғы қуаңшылық қатты ұрған Маңғыстау облысындағы ағайынға еліміздің әр өңірінен көп көмегі мен шөп қорегін жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 06 Тамыз, 2021
Ұлттық қолөнер халықаралық нарыққа шығады
Қостанай облысынан 35 қолөнерші халықаралық BornNomad көрмесіне қатысады. Олар қазір онлайн режімде дайындықтан өтіп жатыр. Одан кейін аталған көрмеге еліміздің әр өңірінен қатысатын өзге шеберлермен «Дәстүр және мәдениет», «Инновациялар», «Шебер шығармашылығындағы әйел бейнесі», «Жас таланттар», «3D қолөнері» және «Шығармашылық коллаборация» номинациялары бойынша өнер сайысына түседі.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Көп болып көмек көрсетіп жатыр
Шөптің шығымы биыл Қостанай өңірінде де мәз емес. Мамыр, маусым айларындағы аптап ыстықтың салдарынан жылда бітік шығатын шабындықтың біраз бөлігі ерте қурап кетті. Сондықтан биыл шабылған шөптің орташа түсімі гектарынан шамамен 4 центнерден ғана келді. Биыл өңірде қысқы мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындап алу мақсатында орман іші, су жағалары мен оты мол жайылымдық жерлерге де шалғы түскен.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
«Шенеунікке обал болды», дейді жұрт...
Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген әрбір азамат әбден тәжірибе жинақтап, білікті маман деңгейіне көтерілгенше алты-жеті жылдай уақыт кетеді екен. Және жас маман бас маман болып қалыптасқанға дейін мемлекет оған қыруар қаржы жұмсайды. Алайда өкінішке қарай, біліктілігі артып, тәжірибесі толысып, енді ғана жауапты лауазымға қолы жеткен шенеуніктердің біразы аяқ астынан істі болып, сотталып кетіп жатыр.
Оқиға • 04 Тамыз, 2021
Қостанайда полиция бөлімшесінің бастығы қамауға алынды
Қостанайда жүргізуші куәлігіне қолы жетпей жүргендерге көмектесіп, сол қызметі үшін қомақты мөлшерде пара алып келді деген күдікке іліккен облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Тамыз, 2021
Биыл «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша Қостанай облысынан екі бірдей жеңімпаздың есімі әйгілі болды. Олардың бірі – ақпан айында соққан қарлы боранның астында қалып, қалаға кіре алмай кептеліп қалған автокөліктерге жаяу жол бастап жүгірген патрульдік полиция батальонының инспекторы Амантай Байжанов.