Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Маман • 23 Қараша, 2023

Жас маманға жұмыс дайын

Жетісуда білім саласын­ жүйе­­леу жұмыстары жү­ріп жа­­­тыр. Қазір өңір кәсіп­орын­­дарының нақты тапсырыс­тары бойынша 13 кол­­­леджде 501 адам білім алады. Олар оқуларын аяқ­таған соң, тапсырыс бер­ген кәсіпорындарға жұ­мыс­қа орналасады. Осы­­ған­ байланысты колледж, ст­у­дент және өңірдің 45 кә­сіп­орны арасында үш жақ­ты келісімшарт жасалды.

Аймақтар • 22 Қараша, 2023

Отбасына жанашыр орталық

Бүгінде отбасын сақтап қалу өзекті мәселеге айналды. Шаңырағы шайқалған жастардың арасына береке құяр, ақылын айтар орталықтар ауадай қажет. Осы ретте Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Аталған нысан жас отбасының ішкі түйткілдерін шешуге жәрдемдеседі.

Қоғам • 21 Қараша, 2023

Халық жазушысын құрметтеді

Белгілі қаламгер, Халық жазушысы Бексұлтан Нұрже­кеевке «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметті марапатты Талдықорған төрінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев тапсырды.

Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Ел азаматтарының айрықша бастамасы

Ауыл азаматымен көрікті ғой, шіркін! Сарқандағы жаңалықты естіп, көңі­ліміз бір жадырап қалды. Тасқұдық ауылында ақ­жүрек азаматтардың алқа­уы­­мен салынған бастауыш­ мектеп есігін ашты. Бұл – өңірдің білім саласына­ ғана емес, еліміздің бола­ша­ғына құйылған руха­ни инвестиция екені анық. Аядай елді мекеннің арма­нын әлдилеген білім ұясына жайғасқан оқу­шы­­лардың көңілі шат.

Аймақтар • 13 Қараша, 2023

Көксулықтар қуанышы

Облыс орталығына жақын орналасқан Көксу ауданының тіршілігі көңіл сүйіндіреді. Күні кеше төрт бірдей ауылда блок-модульді медициналық пункт іске қосылды. Бұл деген – 2 мыңға тарта халық заманауи нысанда сапалы медициналық көмек алады деген сөз. Бұған қоса Мұсабек ауылына көгілдір отын келіп, жергілікті балалар үшін ойын алаңдары ашылды. Қуанышты сәттің біз де куәгері болдық.

Театр • 12 Қараша, 2023

«Мұғалім» туралы мазмұндама

«Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол – шамшырақ. Тек жаға білу керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым. Өзімді ешқашан кешірмеймін». Бұл біздің мәңгілік махаббатымыз «Менің атым – Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың сөзі. Шіркін, мұғалімнің бәрі Рахмановтай риясыз болса ғой!

Сайлау • 06 Қараша, 2023

Өзге этнос өкілдері де жаппай атсалысты

Жетісуда аудан әкімдерінің сайлауына халық жұмыла кірісті. Таң бозынан сайлау учаскесіне кезекке тұрған тұрғындардың саны да көп. Кербұлақ пен Сарқан ауданында сайлауға отбасымен келіп дауыс бергендер де болды. Қарапайым халық ел үшін маңызды оқиғада белсенділік көрсетті.

Аймақтар • 01 Қараша, 2023

Берекесі кеткен «Береке» қалашығы

Талдықорғанның кіреберісіне салынған «Береке» коттедж қалашығының мәселесі көп болып тұр. Құрылысы 2014 жылы басталған қалашықты салу үшін 8 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы бөлінген. Сөйтіп көп балалы аналарға арнап мемлекет тапсырмасымен арнайы зәулім үйлердің іргесі көтерілген еді. Әйткенмен жеме-жемге келгенде баспаналар шенеуніктердің туған-туыстарына таратылып, тіпті сапасы сын көтермейтіні әшкере болды.

Аймақтар • 01 Қараша, 2023

Жаттығамын десең, спорт кешеніне бар

Енді Жетісуда мұз айдыны бар. Қысқы спортқа көңілі құш­тар жастар қалағанынша облыс орталығында мұз үстінде сыр­ғанауға болады. Одан бөлек, өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін, әсіресе, ауылдық жерлерде ілгерілету мақсатында 3 спорт кешені іске қосылды. Оның екеуі Панфилов ауданында болса, біреуі Қараталда есігін ашты.

Құрылыс • 01 Қараша, 2023

Өнеркәсіп қаласының құрылысы басталды

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнер­кә­сіп қа­ласы» ЖШС жобасы «Қорғас-Шығыс қақ­пасы» АЭА аумағында қазу жұмыстарын бас­тады. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құры­лыстың бірінші ке­зеңін іске асырып жатыр. Оның ішінде ин­­женерлік желілер мен магистральдық көшен­нің құрылысы да бар.