Балалар • 27 Наурыз, 2023
Еріктілердің ерекше балаларға көмегі
Есту қабілеті нашар балаларға ағылшын тілін үйрету үлкен парасаттың белгісі. Сол арқылы айтарлықтай жетістіктерге жетуге де болады. Бұған Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас еріктілерінің тәжірибесі дәлел.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2023
Тұрғындардың тілегі орындалады
Кербұлақтағы тасжол, Ескелдідегі ауыз су мәселелері мен Талдықорғандағы тұрғын үйлердің сапасыздығы жетісулықтардың шыдамын тауысқалы қашан? Соны кеше жиылған халық ресми іссапармен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа да айтты. Тұрғындардың тілегін қалт жібермей тыңдаған сала басшысы, аталған проблемаларды оңды шешілуін қадағалайтынын жеткізді.
Экология • 21 Наурыз, 2023
Жетісудың қай қырын суреттесеңіз де, қисса шерткен қариядай тебіренесіз. Әсіресе жер жібіп, күн мерейін төге бастаған шақта бұлақ біткен екпіндей тасып, көңіл арбайды. Көктемнің келгенін әуелі солар сезетіндей. «Дария басы – бұлақ» деп түйсінген халық, көзін ашып, шөлін басып, жолға салады. Бұл – сол маңайдағы ағайынның әдеткі тірлігі.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Текеліде «Сайлаубай» дүниеге келді. Ана мен баланың денсаулығы жақсы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді
Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Соғысқа да, сайлауға да барған ардагер
Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Берлібек Ысқақұлы таяғына сүйенсе де, таңдауын жасады. Бұл қарияның жетінші сайлауы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Талдықорғандық түйеші Ұлан Байзақов өзі баптайтын Ойсылқара тұқымын мініп келіп, нөмірі 419 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Оның бұл ерлігіне, халық дән риза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2023
Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің әкімшілік-аймақтық құрылымын жетілдіруді айтып, нақты міндет жүктеген болатын. Соның нәтижесінде еліміздің жағырапиялық картасында жаңа үш өңірдің территориясы нақтыланып, белгіленді. Бұл шешім қалжыраған көп аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға күш берді. Ал Жетісу облысының қайтадан құрылуы Алматы агломерациясын реттеуде үлкен рөл атқарды.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2023
Күні кеше әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары тасқын судың қаупін айтып, дабыл қаққан еді. Мұндай жағдай Алакөл, Ескелді аудандарында да қайталанған. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Қазір мамандар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.