Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Қоғам • 20 Қазан, 2020

Жануарларды қорғаудың жаңа тәсілі

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Анастасия Кормушинаның әлеуметтік жобасы стартап-байқауда 300 мың теңге жеңіп алды. Аталған шара «BIRGEMIZ: TAZA ÁLEM» ұлттық жобасының гранты аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтті.

Руханият • 19 Қазан, 2020

Сәруар шақтың сәлемі

Тағы да күз. Сағыныш мезгілі. Бұл әдеттегідей сағыныш емес, бояуы басқа, болмысы бөлек сурет. Мекенжайсыз сағыныш. Саудыраған жапырақтар. Сарыжалқын сағым. Нәзік ностальгия. Әлдебір әуен жаныңызды еліте ме? Мүмкін, вальс билегіңіз келетін шығар. Онда «Bésame mucho»-ны қосыңыз. Көңіліңізде құйылған шердің сабасы ақтарылсын.

Руханият • 17 Қазан, 2020

Ескі латын әліпбиін ескерсек...

Заман талабына сай әрбір ұлттың тілі жетіліп отырады. Өткенге көз жүгіртсек, ұлт зиялылары ана тіліміздің дыбыстық жүйесін толық ашып бере алатын алфавит қабылдауды міндетке алған. Әйтсе де сан түрлі саяси көзқарастар қазақ тілінің адымын аштырмады. Әуелде араб графикасын аттап, латын қарпіне көшкенімізбен, кейін кириллицаға ауыстық.

Экология • 16 Қазан, 2020

Өңірлік ерекшеліктер ескерілмей отыр

Әлемдік жылыну деңгейі шамамен 2 пайызды құрап отыр. Ал Орталық Азиядағы көрсеткіш 5-7 пайызға тең. Демек, болашақта «климаттық босқындар» ұғымымен бетпе-бет келуіміз мүмкін.

Руханият • 16 Қазан, 2020

Тарихқа енген таңғажайып қалашық

Елді сүйсінткен ЭКСПО қалашығының ендігі ғұмырының жалғасы не боларын үстірт болжап жүргендер көп-ақ. Қойдың құмалағындай шашылған қыруар қаржы әркімнің бір табанына тапталып, желге ұшқанын мысалға алады. Кейбір саясаттанушылар сол пікірді үстей түсуде. Ал біз астанамыздың айнасына айналған сәулетті ғимараттарға «жаңа ғасырдың адамы» ретінде көз ­тастаймыз. Иә, тәуелсіз ұрпақ биігінде. Әлемге аты әйдік көрменің Сарыарқада салтанат құрғаны тарихта қатталып қалғаны анық.

Әлем • 16 Қазан, 2020

Шегесіз мешіт шежіресі

Ұлы даланың уысынан түспей, дәуір бетіне бояуын төккен сәулет өнерінің ғажайып үлгілері құмсағат ғұмырдың сынына сыр бермей, жаңа ғасырмен дидарласты. Талайлы тағдырдың топаңы қалыңдаса да тарпаң тарихтың тартуындай талғампаз, тәкаппар туындылар көненің көзіндей сол кербез қалпында. Содан ба, жақыннан үңілген жанды қилы-қилы ой сілеміне жетелейді. Құдды оқ тисе де омақаспай, найзасына сүйеніп шейіт кететін баяғының батырларындай. Бұл кереметті, сіз, сол замандағы құрылыс заттарының сапасымен салмақтауыңыз мүмкін. Әйтсе де адамның қолынан шыққан кейбір алып ғимараттар шегесіз салынғанына сенесіз бе?

Қазақстан • 15 Қазан, 2020

Жасыл экономика – жаһандық тренд

«Қазақстандағы «жасыл өсу»: экономиканы экологияландыру» тақырыбында өткен конференцияға экологтар, тәуелсіз сарапшылар қатысып, «жасыл экономика» мәселелеріне қатысты ұтымды пікірлер мен тұшымды ойларын ортаға салды.

Өнер • 15 Қазан, 2020

Жас бишілер жарады

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Встречи на берегах Невы» халықаралық хореографиялық ірі өнер фестиваліне қатысты. Олар хореография факультетінің аға оқытушысы Анвара Садықованың жетекшілігімен «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңделіміндегі күйші Дәулеткерей Шығайұлының музыкасына қойылған «Жастар» нөмірін ұсынды. Мұнда қазақ жастарының рухы мен қуаты айқын көрінеді.

Таным • 12 Қазан, 2020

Ұлттық ойын – рухты ойын

Ағаш атты мініп, тақия төбелерді айнала шапқан ауылдың қарадомалақтарының аузынан дәмі кетпеген естелігінің ең тәттісі осы ойын. Батырлардың бекзада болмысын сомдап, қолдан қазылған көмбені қоршауға алып, жұлма-жұлмасы шыққан тулаққа таласатын сәттер сана түкпірінде қаттаулы. Баба жосынымен жүріп, мұрасын бойына қондырған ұрпақтың қанында бар қасиет қайда жүрсе де соңыңнан қалсын ба? Дәуір алмасса да ұлттық ойынға келген де әлі де делебеміз қозып отыратыны содан-ау!

Руханият • 12 Қазан, 2020

Объективтегі өмір

Ұлттық музейде мұғалімдер күніне орай Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ларының мектепке дейінгі жетекші ұйымдардың қатысуымен «Балабақша – бола­шаққа бастар жол» атты фото­көрме өтті.