Аймақтар • 31 Қазан, 2024
Жетісу облысының бірқатар ауылы көптен күткен табиғи газға қол жеткізді. Талды ауылында бұрын-соңды болмаған саябақ халық игілігіне берілді. Ал Көксу ауданының Балпық би, Жарлыөзек ауылдарындағы 17 үйдің құрылысы аяқталып, кілті тұрғындарға табысталды.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауы өтті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Жетісу облысы әкімдігінің атсалысуымен Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қазан, 2024
Жетісуда өзендер мен суару каналдары ауылдың іргесінен өтетіндіктен, халық арнайы көпірмен қатынайды. Қалаға, болмаса аудан орталығына баруға жүк көлігі жүретін берік құрылыс нысаны қажет. Осы ретте Сарқан ауданындағы Лепсі өзенінің, Қаратал ауданындағы суару каналының үстінен өтетін жолға жаңа көпірлер салынады. Апатты өткелдерді жаңартуды жетісулықтар көптен күтіп жүрген еді.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Тағдырдың тауқыметін тартса да өмірге құлшынысы өшпеген жандарға көмек қолын созу – қоғамға парыз. Аяқ-қолы бүтін болса да мемлекеттен көмек күтіп отыратындарға қарағанда, шама-шарқынша еңбекке араласқысы келетін мүгедектігі бар жандардың қарекеті көңілге қуаныш сыйлайды. Осы ретте мүгедектігі бар жандардың ел қатарлы өмір сүруіне жәрдем етіп жүрген «Инватакси» қызметі Жетісуда айрықша дамып келеді.
Білім • 17 Қазан, 2024
Жетісуда 20 мыңнан астам ұстаз білім береді. Биыл соның 2 мыңға жуығы мемлекет һәм облыс тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Солардың ішінде Үмбетовтер әулетінің орны ерек. Нағыз еңбек адамы десеңіз де болады. Себебі үлкен отбасы үш буыннан бері шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді. Олардың жалпы еңбек өтілі – 332 жыл. Бүгінде шөберелері де атадан қалған жасампаз жолмен жүріп келеді.
Аймақтар • 16 Қазан, 2024
Соңғы жылдары Жетісу облысы ауылдарында медицина, білім, спорт салаларына арналған бірнеше нысан бой көтерді. Жақында Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды. Шалғайда жатқан елді мекенде мұндай еңселі ғимарат бұрын болмаған.
Шаруашылық • 15 Қазан, 2024
Қант қызылшасына жаңа технология керек
Өңірдегі өзекті мәселе – қант қызылшасының алдағы тағдыры. Қазір мамандар шетелдік тәсілді пайдаланып, мол өнім алуды көздеп отыр. Бұл ретте тамшылатып суару технологиясының маңызы зор. Мәселе «Alem agro», «KWS» компанияларының ұйымдастыруымен «Кең дала» шаруа қожалығының қызылша алқабында өткен жиында талқыланды. Онда тұқым мен тыңайтқыш түрлері мен жаңбырлатып суару әдісі де сөз болды.
Өнер • 11 Қазан, 2024
Қазақ ән өнерінде дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың есімі ерек. «Тойың тойға ұлассын», «Досым» секілді ел жүрегіне қоныстанған таңдаулы әндері халық жадында мәңгі қалмақ. Тіпті шығармалары шетел асып, қазақ өнерін аспандатып келеді. Оған дәлел тұңғыш рет өткен «Елге арнау» халықаралық әнші-вокалистер мен жеке аспапта орындаушылар байқауы.
Жоба • 09 Қазан, 2024
Жетісу жерінде медицина саласына арналған 60-қа тарта нысанның құрылысы басталды. Бұл ғимараттарды салу жұмысы алыс аудандардағы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Оған қоса сол елді мекендерге маман тарту мәселесі де жүйеленіп келеді. Айталық, былтыр өңірге 76 маман келген. Олар мемлекет тарапынан 10 млн теңгеге дейін үстемеақы алған. Жалпы, кадр тапшылығын шешуге 595 млн теңге қаржы жұмсалған.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие
Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған.