Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
952 материал табылды

Ауыл • 26 Шілде, 2024

Егін ерте пісті

Жетісулық диқандар ал­ғаш­қы өнімін ала баста­ды. Жауын-шашынның көптігінен биыл шаруалар бидайдың бітік шыққанын айтып жүр. Бұл мал бор­да­қылап отырған кәсіп иеле­рін де қуантып отыр. Се­бебі жемшөп бағасы был­­­тырғыдан едәуір арзан. Ал егін басындағы тәт­ті түбірдің де томпиып қал­ғанын көзбен көруге болады. Биыл қожалықтар қоң­­ды, ауа райы жайлы көрінеді.

Қоғам • 25 Шілде, 2024

Қоңырдағы қуаныш

Облыс орталығынан жырақ орна­ласқан шағын елді мекендерді сақтап қалудың бірден бір жолы – жаңа нысандар салып, тұрғындардың тілегін орындау. Осы ретте Алакөл ауданына қарасты Қоңыр ауылында талай жыл жұртқа арман болған медицина кешені бой көтерді. Сөйтіп, жұмыс іздеген мамандарға да қызмет табылды.

Білім • 24 Шілде, 2024

Жабылуға жақын мектептер жайы

Жетісуда ондаған елді мекеннің алдағы күніне алаңдаған жұрт көп. Негізгі себеп, тұрғындардың қалаға үдере көшуі. Жер бар, мал бағамын десе еркі, бірақ оған құштар азаматтар аз. Сондықтан оқитын бала болмағаннан кейін, мектептердің де біртіндеп есігі жабылып жатыр. Мәселен, биыл өңірде бас­тауыш сыныпқа арналған оннан астам шағын білім ошағы жабылуы мүмкін. Облыстық білім басқармасы бұл қадамға амалсыздан баратынын айтып отыр.

Аймақтар • 24 Шілде, 2024

Газ бен ауызсуға зәру елді мекендер

Жетісуда шешімін күткен жұмыс әлі көп. Әр салада ілгерілеу бар, дегенмен кем-кетігі де жоқ емес. Мәселен, газдандыру тақырыбы әлі де тұрғындарды толғандырады. Одан бөлек, ауызсу және кәріз жүйелерін реттеу секілді жұмыстар да – жетісулықтардың жиі көтеретін мәселелерінің бірі. Бүгінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы аталған түйткілдердің алдын алу үшін ауыл-ауылды аралап жүр.

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорған қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Қоғамдық кеңестің өкілде­рімен және мәслихат депутаттарымен кез­десті. Басқосуда Сенаттың заң шығару қызметі, жергілікті депутаттармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.

Экология • 13 Шілде, 2024

Табиғатты тәрбиемен аялау

Жетісу жерінде «Таза Қазақстан» акциясы барысы қарқынды жүріп жатыр. Тек қала халқы ғана емес, үлкенді-кішілі елді мекендер де ерінбей айналасын тазалыққа баулуда. Мәселен, Алакөлдегі шекарашылар акцияны қолдап, табиғатты қорғауға шақырды. «Табиғатты аялау – тәрбиеден» деп түйсінген жастар да өңірді қоқыстан құтқарып жатыр.

Қоғам • 12 Шілде, 2024

Ауласын гүлзар еткен тұрғындар

Қалалық жерде көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңдары мен тас жолдан басқа ештеңе орналастырмайтыны белгілі. Ағаш егілуі мүмкін, болмаса ол да жоқ. Дегенмен бұл қағиданың талдықорғандық Ольга Серебренникова жоққа шығарды. Ол өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына 60 түрлі гүл отырғызып, шаһардың сәнін арттырып отыр. Шағын ғана ауланың шырайын келтірген тұрғынның еңбегі көпке үлгі.

Аймақтар • 11 Шілде, 2024

Шалғай ауылдар шаттығы

Облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерді сақтап қалу үшін халыққа қажетті нысандардың қаланғаны жөн. Себебі спортқа әуес балалар мен қызметке бейім жастар қатарынан қалғысы келмейді. Осы ретте Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік аулында қос ғимарат бой көтерді. Бірі – әкімшілік болса, екіншісі – заманауи спорт кешені. Ал Ақсу ауданына қарасты Көшкентал аулында көптен күткен Мәдениет үйі ел игілігіне берілді.

Қоғам • 06 Шілде, 2024

Қоғамдық қабылдау өтті

Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев «Аmаnаt» партиясы Жетісу облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.

Экономика • 05 Шілде, 2024

Кәсіпкер оқушы

Жетісуда 9-сынып оқушысы Айсұлтан Сапиев гипстен қазаққа қажет бұйымдар жасап, саудаға шығарып жатыр. Тіпті өзімен қатар балаларды жұмыспен қамтып отыр. Тұтынушылары да аз емес.