Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
855 материал табылды

Қазақстан • 02 Шілде, 2020

8 елден 15 финтех-стартап іріктелді

Fintechstars Innovation Day стартаптар марафоны Онлайн Astana Finance Days аясында өтті. "Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) Финтех Хабы 8 елден 15 стартапты іріктеп алды. Бұл стартаптар KPMG, Сбербанк, ВТБ, Al Hilal Bank, Microsoft, Beeline, Halyk Bank секілді Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды. Шараның бас серіктесі Mastercard халықаралық төлем жүйесі екенін айта кетейік, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 02 Шілде, 2020

Online Astana Finance Days 2020 аясында дауларды онлайн түрде шешу мәселесі талқыланады

2020 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі - «ХТО») Online Astana Finance Days 2020 үшінші жыл сайынғы қаржылық конференциясы шеңберінде арнайы вебинарлар өткізуде. Вебинарлар дауларды шешудің негізгі аспектілеріне және COVID-19 пандемиясы кезінде және одан кейін пайда болған жаңа трендтерге арналады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаржы • 02 Шілде, 2020

Теңгеңізді тиімді пайдаланасыз ба?

Қаржыгерлер еңбекақыңыздың 10 пайызын депозитке салуға кеңес береді. Шет мемлекеттерде бала өмірге келісімен оның атынан есепшот ашып, ақша жинайды. Ұрпағымен қатар өскен сома кәмелет жасқа толғанша қомақты қаржыға айналады. Кейін ата-ана шоттағы ақшаны баланың үй алуына, басқа да қажеттіліктеріне жұмсайды. Ал бізде ше? Бұл үрдіс бар ма өзі? Баласы оқу бітіргенде бәйек болатын қазақтың ақшаға келгенде үнемсіздігі үнемі байқалып қалып жатады. Сіз ақшаны қаншалықты тиімді пайдаланасыз?

Саясат • 01 Шілде, 2020

Электр стансалары ескіріп барады

Елімізде электр энергетикасы саласындағы активтерді жаңарту қажет. Себебі қолданыстағы қуат көздері өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.

Қоғам • 10 Маусым, 2020

Сәнді бетперде сатамыз

Дүкеннен су алуға кірген бетіміз сол еді, бұрыштағы «сәнді бетперде сатамыз» деген жазу көзімізге оттай басылды. Сатушы да соны аңғарса керек, «500 теңге» деп елпілдей жөнелді. Осы бір өтімді затқа тіршілігіміз байланғанын түйсініп тұр-ау шамасы, жөпелдемеде жарнамасын да жасап әлек. Тауарын өткізудің тәсілін тапқан кәсіпкерге таңдай қақпасқа болмады. Ақыры, шөл басуға келгенімізбен қоймай, киер киімімізбен түстес түрлі-түсті маска алып қайттық.

Таным • 09 Маусым, 2020

«Тұманбай тауы»

Біздің ауылдың іргесіндегі үлкен төбені білмейтін жан жоқ шығар. Төрт мезгілде де бауырынан бала үзілген емес. Құдды бір малды өріске айдайтын күре жол іспетті. Іңір ауғанда күлше күн тау тектес сол құмыққа сіңіп кеткендей көрінеді. Үстіне шық­саң, толықсыған ай да таяқ тас­­там­­ жерде тұрғандай. Содан болар, сойыл соғардың бәрі маңайына үйір. Жастар үшін ғашықтар мекені. Жұлдыз көктегенде алақандай ауылды Тұманбай жыры тербеп жататыны соның дәлелі. Бозбаланың қиялы мен бойжет­кеннің ұяңдығы тұтасып өлең болып өріледі келіп.

Бизнес • 08 Маусым, 2020

Мемлекет пен кәсіпкер арасындағы дәнекер

Әлемді экономикалық тұрақсыздық жайлаған кезеңде кәсіпкерлер үшін сенімді әріптес табу оңай шаруа емес. Себебі бизнесте үлкен тәуекелге баруға тура келеді. Оның салмағын кез келген жеке тұлға немесе компания көтере бермейді. Сондықтан мемлекет-жеке меншік әріптестігін пайдаланған тиімді. Ол мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың ынтымақтастығына жол ашып, кәсіп иесіне сенім береді.

Экономика • 04 Маусым, 2020

Отандық өнім 72 елге экспортталды

Былтыр өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 9,5 млрд теңге бөлінсе де, өнім көлемі көңіл көншітпеді. Элита тұқымдардың үлесі артқанымен нәтиже ойдағыдай емес. Дегенмен, ырысын төрт түліктен іздеген қазақтың мал шаруашылығына келгенде тасы өрге домалай бастаған сыңайлы. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда өнімі де тәуір. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың есеп беру жиынында айтылды.

Қоғам • 03 Маусым, 2020

Қалталылар қауіпті індеттен қалай қорғанады?

Ауру адам талғамайтынына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Коронавирус бай мен кедейді бірдей әлекке салуда. Осы күнге дейін қаржысына сенген қалталылар пандемия алдында қауқарсыз. Шетел асып шипа іздейтіндер ауылға қарай ауа көшті. Індеттің оты тұтанған қалалардан қашқан халықтың санында шек болған жоқ. Блок-бекеттерден өткен қымбат көліктерге қарап-ақ, ақшаның ажалға араша болмайтынын түйсіндік. Әйтсе де атқамінерлер бұған да амал тапқан көрінеді.

Руханият • 02 Маусым, 2020

Мамық-маусым

Көктем бойы бетперде кигеннен кейін бе, құлағым аздап қалқия бастаған сыңайлы. Жоқ, әлде бұрыннан осындай ма еді. Айнаға қараған сайын ойын үрей билеген бөтен біреуді көргендей боламын. Баяғы алқам-салқам қалпымның жұқанасы да жоқ. Кешегі «мен» қайдамын, өзі? Осы сұрақ жиі мазалайтын болып алды. Бұл көктем де бұрынғы көктемге ұқсамады. Әне, терезеден жаз сығалап тұр. Мамық жауған маусым. Оның да бойында қорқыныш бар секілді.