Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Экономика • 05 Сәуір, 2020

Әр теңге үшін есеп беруге дайынбыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде халықтың әлеуметтік жағдайын әлсіретпеу, экономиканы қолдау шаралары көрініс тапты.

Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Дәстүрді бұлдау ма бұл?!

«Алтын тақпадым» деп жатып кеп өкпеледі орта бойлы келіншек. Шамасы әулеттің «генерал» келіндерінің бірі болуы керек. Аш бүйірін таянған қалпы табан астынан бәле іздеуге бейіл тұр. Жаңа құдалардың алып келген кәдесыйынан күміс қана бұйырғанына бүйі тигендей бүрісті де қалды. Өрісім кеңейеді емес, ұяттан өлдім-ау деген әнтек ойдың жетегіне еріп, әбігерге түсуде. Ағайынның алдында азарда-безер. Өлтірісін өндіріп әкелмеген болашақ құдалардың қылығына күйіп-пісіп барады.

Әлем • 01 Сәуір, 2020

Қытай экономикасын нығайтуға күш салуда

Қытай экономикасы қайта бас көтерді. Әлемдік БАҚ өкілдері аспанасты елінің қаракетін қайта-қайта басылым беттерінде жариялауда.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Карантиннен келетін зардап мол

Карантин Қазақстан экономикасына қысым жасауда. Үкімет бөлген қаржының экономиканы қолдауға жететініне көптеген сарапшылар күмәнданып отыр.

Медицина • 30 Наурыз, 2020

Коронавируспен ауыратындар саны 2 мыңнан аспауы мүмкін

Әлемдік статистика бойынша коронавируспен ауырғандар саны 100 адамнан асқаннан кейін, күн сайын 33 пайызға өсіп отырады екен. Ауруханаға жатуға мәжбүр науқастардың саны 20 пайызға, интенцивтік терапияны қажет ететіндер  5 пайызға көбейген.

Қоғам • 28 Наурыз, 2020

Ауылдағы жұрт әлі сенбейді

Құдықтың сыртындағының бәрі ақылды. Ауылдағы жұрт әлі де аты жаман індеттің байыбына барар емес. Мемлекет міндеттеген тапсырма қала сыртында қалыс қалып жатыр. Малын өріске айдап шыққан ағайынның екіден бірі саяси оқиғаға балайды. Ел ішіндегі дүрбелеңді биліктің бір қойылымы деп есептейтінін қайтесіз.

Экономика • 27 Наурыз, 2020

Тері өндірісі тұралап тұр

Тері өндірісін жолға қоя алмай жатқанда ауылдағылар мал терісін қоқысқа лақтыруға мәжбүр. Себеп жақын маңда қабылдау бекеттері жоқ. Былтыр ақпан айынан бері ірі қара малдың өңделмеген терісін экспорттауға уақытша мораторий жарияланған болатын. Соның салдарынан терінің құны он есеге арзандап кетті. Сұраныс аз. Аудандардың көбісінде тері саудасы тоқтап, ауылдағы ағайын қосымша табыс көзінен айырылды.

Экономика • 27 Наурыз, 2020

Аяғыма кимедім былғары етік...

Ел тұрғындары жыл сайын 600 млрд теңгенің аяқ киімін киеді екен. Әрине, әжептәуір сома. Әттеген-айы сол, біз бұл қаржымен басқа елдердің саудасын қыздырып отырмыз. Өйткені, шетелде бұл сала дамыған әрі өнімдерінің бағасы да көңілге қонымды. Өзімізде тері өңдеу саласы әлі күнге адымын кең аша алмай келеді. Төрт түліктен кенде болмасақ та, тері өңдірісі тағасыз тұлпардың күйін кешуде.

Саясат • 26 Наурыз, 2020

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұралы Бөкейханов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлерге арналған штабтың жұмысы бойынша түсініктеме берді.

Экономика • 24 Наурыз, 2020

Жаһандық экономиканың жағдайы мәз емес

"Биыл жаһандық экономика құлдырайды. Бұл 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан да қауіпті", деп мәлімдеді Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева.