Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Таным • 29 Шілде, 2020

Смахан төре айтқан ақын Жошы кім?

Былтыр Арқаның алтын қазығы, ұлт ұясы Ұлытау төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты жаһангер, әйгілі қолбасшы, теңдессіз қаған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін ұлықтау мәселесіне ерекше тоқталып өтті.

Руханият • 03 Шілде, 2020

Екі ішектегі ел шежіресі

Румидің әйгілі «Сыбызғы жырын» бәріміз жақсы білеміз. Жас қамысты өткір кездігімен қиып алып сыбызғы жасаған зарлық (қойшы) одан шыққан мұңды әуенді өзінің ішкі құсасы деп ойлады. Иә, ол шынымен айырылу зары еді. Бірақ қойшының емес, діңінен айырылған, түп-тамырынан кесіліп, Отанынан ажырап кетіп бара жатқан жас қамыстың жанайқайы еді.

Руханият • 03 Шілде, 2020

Воркута лагерінде күй тартқан қазақ

Воркутаның сары аяз бүріккен сұрғылт аспанын сол күні Абылдың күйлері шарлап кетті. Оның соңы Маңғыстаудың асқақ рух атойлаған жорық жырларына жалғасып, ескі барақта жаурап отырған жігіттер «Ел айрылғанды» тыңдап барып үнсіз қалысты. Күйді тартып отырған Қарақия дөңінің Адайы, Өскенбайдың өнерпаз баласы Мұрат еді...

Руханият • 26 Маусым, 2020

Тамила

Заманында атақты скульп­тор Ми­келанд­жело Буонарроти мен Леонардо да Винчи «Санта Мария дель Фьоре» соборының алдында жатқан үлкен мәрмәр тасқа таласып қалыпты. Жас Ми­кель егде тартып қалған Леоның қарт­тығын сынап: «Бұл тасты қайтпексіз? Суретшіге ақыл, мүсіншіге бұлшық ет керек деген өзіңіз емес пе едіңіз?» депті. Сонда әлі бойынан күш-қайраты қайт­пағандығын дәлелдеу үшін Лео­нардо қасында тұрған шәкірті Салаидің қолындағы жуан темір арматураны жұлып алып, оны жалаң қолымен майыстырып, доға болып қалған темірді «мықты болсаң қайта түзет» деген ишарамен Микеланджелоның алдына лақтыра салыпты. Сөйтсе, өр көкірек Микеланджело да сөзден жеңілмей: «Сіздің қате­ліктеріңізді менің түзетіп жүруге уақытым жоқ» деп кетіп қалса керек. Онысы Леонардоның Миландағы «Аттылы Сфорцаны» аяқтамай кетіп қалғандығын айтып тұрған сияқты. Мәселе онда емес, мәселе, сол екі алып­ты айқастырған қымбат мәрмәр кейін Микиланджелоға тиесілі шығып, бола­шақ «Давид мүсіні» болып тарихта қалады.  

Руханият • 19 Маусым, 2020

Қорабай құбылысы

Қанқызыл шымылдық қарс айырылды. Алпысыншы-жетпісінші жылдардың көңіл күйін сыйлайтындай ерекше безендірілген ескі сахна төрінде король отыр!

Руханият • 16 Маусым, 2020

Алтын көпір

Өнердің тәттісін таңдайында тамылжытып, ащысын маңдайында моншақтатқан өнерпаз тұлғалар аз емес. Қазақтың ән рухын жаңа белеске көтеріп, кешегінің қамбасында қалған қазынаны келешектің кәдесіне жаратқан жүйріктің бірі – жезтаңдай Жүсіпбек еді. Елебековтер еңсеріп өткен жол – қазақтың адаспас ескі сүрлеуі сияқты бағыты айқын, келешегі кемел, мұраты биік соқпақ. Әдебиетте Абайдың жолы десек, әнде Жүсекеңдер салған дара даңғыл әлі күнге дейін қазақ әнін қызғыш құстай қорғап, қанатының астында қамқорлығын аямай келеді.

Әдебиет • 10 Маусым, 2020

«Сақ-сақ» күлген сырнай

Сақ-сақ күлкі сахнаны кө­міп кетті. Өзімізге өте жақын, атадан балаға мирас төл күлкі, кең сахараны еркін жайлаған көшпелі жұрттың кешегі азат күл­кісі, өнерге жөргегінен жарып туған текті ұлыстың табиғи таза күлкісі.

Руханият • 09 Маусым, 2020

Із

Ақын Жарасқан Әбдіраштың тұңғы­шы Рүстемге арнаған «Портфель» деген өлеңін жақсы білеміз. «Жатқызды қыртыс, қырымды, Жылжыған жылдар өтектеп... Мектепке тұңғыш ұлымды, Келемін үнсіз жетектеп» деп бас­та­латын тағылымды тамаша жырды тол­қымай оқу мүмкін емес. Әрбір сөзі әкелік өсиетке толы әдемі шығарманы зерделеп отырып өзіңнің де әке қолынан ұстап білім ордасына бара жатқан кешегі бала бейнең көз алдыңа келе қалады.  

Руханият • 08 Маусым, 2020

Ала қап ішінде аунаған сарын

Мүгүлсім тезек теруге жиналды. Жиналғаны несі деп жиырыла қалған боларсыз. Оның бұл іске біржола бет алуының астарында аяусыз тағдыр, алмағайып заман, аласапыран зұлмат, бір сөзбен айтқанда ұлық ұлыс қазақтың тұтас трагедиясы жатқанын сол кезде ешкім білген жоқ. Оның сол кезде арқасынан ала қаптың ішінде қаз мойын қызыл домбыра жатқанын да ешкім аңғармады.

Әдебиет • 03 Маусым, 2020

Мың қырлы Манарбек

«Аянбаймын халқымнан, Айны­маймын қалпымнан, Шегінбеймін күн сайын, Жүз мың вагон тартудан» деп рельстің сарт-сұрт дауысымен ас­таса, алып даланы басына көшіріп бара жатқан «Паровоз» Манекеңнің өз ауылы Ақтоғайға бармапты. Міне, пара­докс.