Өнер • 19 Қазан, 2020
«Герника» – әйгілі суретші Пабло Пикассоның атақты кескіндемесі. Автор аталған туындыны 1937 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрменің Испания павильонына арнап, Испания Республикасы үкіметінің өтінішімен салған деседі. Суретке қарап тұрсаңыз ақ-қара түсті кескіндеменің астарында небір тағдырлар мен тарихи оқиғалар, суретшінің азаматтық көзқарасы, жазушының жаны, соғыс пен бейбітшілік шарпысы ашық бейнеленген. Кубизм стилінде жазылған кескіндеменің тақырыбы осыдан сәл бұрын болған Герниканы бомбалау, сонымен қатар Испаниядағы Сәуір революциясы (1931) мен Азамат соғысының (1936-1939) қасіретінен сыр шертеді.
Таным • 14 Қазан, 2020
Алаштың азаттық күресі жолында басын бәйгеге тігіп, тағдырын тар қапастар мен қуғын-сүргіндерде кешірген ерлер аз емес. Алайда сол мехнаттардың барлығын қайыспай арқалаған қайраткер тұлғалар ұлты үшін пида еткен жанын ешкімнен бұлдамай, қиын-қыстау кезеңдердің ортасында жүріп те келешек ұрпаққа өлмес рухани мұраларын қоса тарту етіпті. Бұндай бірегей тұлғалардың қатарында әлбетте ер Мәдидің есімі ерекше аталар еді. Иә, «Сұрасаң Мәди еді, менің атым кем емес, еш адамнан салтанатым!» деген рухы асқақ, мінезі найзағай, көңілі мәрт Мәдидің есімі қазақ тарихының қатпар-қатпар парақтарында бұғауда бұлқынған арыстандай айбарлана естіледі!
Руханият • 14 Қазан, 2020
Қоғам – жекелеген жандардың жиынтығы. Ал енді көпшілік болған соң оның мәселесі қордаланбай тұрмайды. Әлеуметтің әлжуаз халі санасында сәулесі бар кез келген адамды әурелеуі тиіс. Әсіресе аз ғана уақыттың ішінде бірнеше қоғамдық формацияны басынан өткерген кешегі он бес одақтас елде бұл сұрақтар әлі де өзекті. Біз осы ойымызға ресейлік кинорежиссер Юрий Быковтың «Ақымағын» («Дурак») көргеннен кейін тіпті терең үңілдік.
Таным • 13 Қазан, 2020
Бізде осы күні не жымиғаны, не жылағаны белгісіз бір бет-бейнелер пайда болған. Былайша айтқанда эмоциясы екі бетінен ешқашан білінбейтін типтерді жиі кездестіреміз. Бірте-бірте күлмейтін кісілер көбейіп келе жатқандай. Жалпы, жалпылдап күле беру жақсы әдет емес. Қазақ оны «Әйелдің қары, еркектің қоры күлегеш» деп кесіп айтып қойыпты. Дегенмен, біздің бұл күлкіміз басқа күлкі. Тіпті, күлкі деуге келе ме? Күлкі дегеннен гөрі қоғамдағы, өнердегі, әдебиеттегі, мәдениеттегі көңіл күй дегенге көп келіңкірейтін сияқты.
Театр • 01 Қыркүйек, 2020
Балетті бекзат өнер дейтініміз де сол шығар, оның көрермендері көп емес. Алайда бұл ақсүйек мамандықтың бәсі басқалардан төмен дегенді білдірмейді. Мәдениеті мыңжылдықтармен тамырлас батыс елдерінде балетке бару үлкен рухани демалысқа баланады. Нарықтық экономикадан рухани жаңғыруға жаңа бет алған бізде балет театрына билет алу енді-енді қалыптасып келе жатыр.
Руханият • 31 Тамыз, 2020
Сармантайдың Ахметжаны Үштіктің үрейлі шешімі қысқа ғана оқылды да бір жендеттің сұқ саусағы шүріппеге шүйліге жайғасты. Екінші жендет қу тақтайдың шанағын қойтасқа ызалана ұрды. Бұйрық орындалды. Қағаз толтырылды. Бұл қылықтарын өздері де байқамауы мүмкін, алайда сол сәтте екі жендет бір-бірінің көздеріне тік қарай алмаған еді. Қарамады. Тіпті қарауға қорқатын да еді. Жансыз мүрде көк шалғынға етпеттей құлап келе жатты.
Таным • 31 Тамыз, 2020
Адам өмірі иір-қиыр, бұралаң, шұбалаң ұзақ-ұзақ жолдардан тұрады. Барлық адамның өмірі ұзақ жолдан тұрмайды деп қарсы дау айтуға да болар еді. Егор үшін бұл жол ешқашан таусылмайтын, ешқашан жетіп болмайтын түбі жоқ тоннел. Егор қайда бара жатыр, Егор қайдан келе жатыр? Мәселенің барлығы осы жерден басталады. Расул Ғамзатов көкеміздің мына бір ғибратты ғақлиясы осындайда еске түседі. «Қайда бара жатқаныңды емес, қайдан шыққаныңды ұмытпа».
Қоғам • 28 Тамыз, 2020
Қазақ руханияты талантты өнер иелерінен ешқашан кенде болған емес. Сондай тұлғаның бірі – әрине Нұрғиса Тілендиев болатын.
Кино • 28 Тамыз, 2020
Коронавирус пандемиясы кино саласына едәуір соққы жасағаны анық. Елімізден бөлек, әлем бойынша қаншама кинотеатрлар қаңырап, өз көрермендерін әлі де сарыла күтуде.
Пікір • 21 Тамыз, 2020
Біз кейде көп нәрсенің байыбына бармай жатып шорт кесіп, шолақ ойлап, шоқ басып жатамыз. Көзің жетіп тұрған дүниенің өзіне қайта бір айналып келіп қараудың, араға уақыт салып айтар ойыңның астарына тағы бір мәрте үңіліп көрудің ешқашан артықтығы болған емес. Шындық үшін шайқаста, ақиқат үшін арпалыста ойың ұшқары, сөзің ұшқалақ болмауы үшін де байсалды байлам айтатын бай мінез және қажет. Мұны ұлт серкесі Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп бір ауыз сөзбен тамаша түйіндеген.