Руханият • 14 Тамыз, 2020
Оның әндері – әр қазақтың жүрек төрінде мәңгілік салтанат құратын ғұмырлы әуендер! Ол – ән арқылы Отанына қорған болған қайраткер. Ол – өнер арқылы ұлтты тұтастырғысы келген бірегей тұлға!
Руханият • 13 Тамыз, 2020
Жуырда қазақ тіліндегі сапалы кітаптарды сататын akel.kz интернет-дүкеннің қызметі іске қосылды. Жазушы, кәсіпкер Арман Әлменбеттің төл жобасы тек қазақтілді аудиторияны қамтуымен ерекше деуге болады. Ең қолайлысы, үйде отырып аталған сайт арқылы қалаған кітабыңызға тапсырыс берсеңіз, кітап үйіңізге өз аяғымен келеді.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Бұл Ұлы дала төсінде төрткүл дүниеге сауын айтып, Алты сан Алаштан алақайлап сүйінші сұрайтын, ұлтымыздың дара келбеті, ұлы ойшылы, хакім Абай рухын асқақтата көрсететін қайырлы күн!
Руханият • 07 Тамыз, 2020
«Сау болайық!» сақтыққа шақырады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы коронавируспен күресудің жолдарын түсіндіретін тағы бір бағдарламаны эфирге шығарды. Корпорация құрамындағы «Balapan» телеарнасынан балаларға арналған «Сау болайық!» жаңа жобасы көрсетіле бастады.
Руханият • 06 Тамыз, 2020
Бірде қазақ радиосын қосып қалып едік, сатира сардары Көпен аға күлдіріп әңгімесін аяқтап жатыр: «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім». Дәл айтылған диагноз деп қалдық. Көпекең бұл жерде жалпы адамзаттық күлкі турасында емес, қазақ әзілінің қазіргі әдебі тұрғысында ой түйіндегеніне еш күмәніміз жоқ. Сатирик сөзінен аңдағанымыздай, жымиып қана күлетін қазақ жүзіндегі әдемі күлкі бүгінде бос ыржыңға айналған.
Қоғам • 06 Тамыз, 2020
Биылғы жаз маусымының бір ерекшелігі жұрт сарша тамызды жылдағыдай жағажайларда емес, көбісі үй жағдайында үнсіз өткізіп жатыр. Әрине табиғатпен етене бірге адам жанының бұлай шектелуі өте қиын жағдай. Бұл ретте руханият айдыны осы олқылықтың орнын толтырып отыруы заңдылық.
Абай • 06 Тамыз, 2020
Бұл мерейлі күнді ұлт ретінде ұзақ күткеніміз рас. Өшкені жанып, өлгені тірілген қазақ ұлысының ұлықтар құндылықтары, әрине көп. Соның ішінде Алаш баласының рухани құбыласы – Абай құбылысын ерекше құрметтеу баршамызға бұлжымас парыз.
Өнер • 03 Тамыз, 2020
Қазақстандық музыканттар Джочино Россини атындағы халықаралық байқауда бірінші орынға ие болды. Ең алдымен классикалық музыкаға арналған ерекше форматтағы бұл байқау шартының өзге бәйгелерге қарағанда басқаша болғанын айта кетуіміз керек. Дода шартына сәйкес қатысушылар өз өнерлерін алдымен әлеуметтік желіде сынап, қазылар алқасы қойылымды бағалағанға дейін көрермен көзайымына айналуы қажет болған.
Әлем • 31 Шілде, 2020
Аргентиналықтар бүгінде Димашты тәулік бойы тынбай тыңдап жатыр. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады. «Аргентинада Димаш Құдайберген мен оның фанаттарына арналған «La Era Dimash» радиостанциясы ашылды. Аталған толқында күні-түні қазақстандық орындаушының әндері қосылады. Аргентинадағы жанкүйерлер үшін 2020 жылдың басты оқиғасы осы болды», деп жазды аталған сайт.
Өнер • 31 Шілде, 2020
Кейде бір ғана әннің өзі тұтас дәуірдің, алып империялардың арман-мұратын арқалап ғасырлардан ғасырларға көшетіні болады. Ән – тағдыр дейтініміз де сол болса керек. «Қара таудың басыннан көш келеді» деп басталатын «Елім-айды» ет жүрегіңіз езілмей тыңдап көріңіз. Кеше ғана төрткүл дүниенің төрінде дара Димаштың дауысымен жеті миллиард жүректі елжіреткен «Самалтау» әні де әлі жанымызда жаңғырады. Әннің ұлтқа, тілге бөлінбейтіндігінің көрінісі осы болса керек дейді көбі. Бірақ мәселе әнде ғана ма? Оның мазмұны мен мағынасы терең мәтіні ше? Бүгінде «Самалтау» әнін орыс, қытай, бүкіл Еуропа тыңдармандары ең алдымен мәтініне мән бере талқылап жатыр. «Елім-айдың» да мәтіні – қазақтың классикалық қара өлең үлгісі, ой мен сөз жымдасқан тағдырлы төрт жол жыр.