Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2228 материал табылды

Технология • 21 Қаңтар, 2021

Желден қуат жинайды

Баламалы қуат көзінің бірі – жел энергиясы. Заңғар көкпен таласқан таулары жоқ Атырауда бұған мол мүмкіндік бар. Ұдайы соғатын өкпек желі бар өңірдегі Мақат ауданында баламалы энергия өндіретін станса салынып жатыр.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2021

Жалақысыз қалған жұмысшылар жұмыс берушіні сотқа беруге мәжбүр болып отыр

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізетін фактордың бірі – жалақыны уақтылы төлемеу. Облыстық мемле­кеттік еңбек инс­пек­­циясы басқармасы басшысының орынбасары Думан Әбиевтің ай­туын­ша, еңбекақыны кешіктіру мен төлемеу жағдайына жол бермеу үшін тиісті орган­дармен бірге жүйелі мониторинг жүргізіп келеді. Мә­се­лен, өткен жылы бірлесе атқарылған осындай шаралардың нәти­жесінде 11 мекемедегі 1 018 жұмысшының еңбек құқығы қор­ға­лып, 263,8 млн теңге жалақы қарызы толығымен өндірілді. «Еңбек» кодексінің та­лаптарын сақтамай, еңбекақыны мерзімінен кешік­тіргені, толық төлем жүргізбегені үшін мекеме басшыларына заң бұзу­шы­лықты жою туралы 20 нұсқама берілді. Мекемелерге қа­тыс­ты 58 әкімшілік хаттама толтырылып, 11,3 млн теңге айыппұл са­лы­ныпты.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды

Атырауда кәмелеттік жасқа толмаса да ішімдік ішетін жасөспірімдер ұсталып жатыр.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2021

Тоңазытқышта тұншыққан тағдыр

Жарық дүние есігін ашқан әр пенденің өмір сүруге құқы бар. Алайда ана құрсағында тербелген нәрестенің өмірге келмей жатып, мұз құрсанған тоңазытқышта тұншығатынын кім білген? Аяқ-қолы жыбырлап, тірі жанның белгісін берген шарананың тағдыры адам жанына араша болатын ақ халаттылардың қолымен үзілді.

Оқиға • 20 Қаңтар, 2021

Аязда қатпайтын «Аltay-45» (Бұл – дизельдің жаңа түрі)

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тағы бір жаңа өнім шығаруды қолға алды. Бұл – «Аltay-45» қысқы дизель отыны. Атынан байқалып тұрғандай, -45С0 аязда қатпайтын дизельдің алғашқы партиясы сәтті шығарылды.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Теңіз кенішінде 72 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде бір тәулікте 72 жұмысшының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz  

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Атырауда 648 отбасы жаңа баспанаға көшеді

Биыл Атырауда 648 отбасыға жаңа пәтер беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 19 Қаңтар, 2021

Қажымұқан жасаған қондырғы

Үнемшілдік – сараңдық емес. Әсіресе ғаламдық жылыну үдеп, Жайық өзенінің арнасы тартылып жатқан тұста суды үнемдей білгеннің ұтары анық. Оның тиімді тәсілін 7-сынып оқушысы Қажымұқан Мұқанов ұсынып отыр.

Экономика • 18 Қаңтар, 2021

Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаевтың мәліметінше, шикізаттық емес өнімдер экспорты көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарланыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды

Атырау облысында өткен жылы мас күйде көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.