Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Атырауда сегіз жеңіл автокөлік отқа оранды
Көлік жөндеу орталығында тұрған осынша "темір тұлпар" түгі қалмай өртеніп кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт бүгін, 17 шілдеде сағат 19:21-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Атырауда 100 дәрігерге денсаулық себеті берілді
Jas Otan жастар қанатының өңірлік филиалы "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясын өткізуді қолға алды. Филиал төрағасы Ринат Ғилажевтың мәліметінше, акция кезінде атыраулық 500 дәрігерге денсаулық себетін тапсыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Атырауда туристік логотип жасалмайтын болды
Мұнайлы өңірде де туристерді қызықтыратын тарихи орындар аз емес. Сол себептен, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Атыраудың туристік логотипін жасауға арналған конкурс өткізуді жоспарлаған екен. Дәл осы мақсатқа бюджеттен 3,7 млн теңге бөлініпті.
Тағайындау • 17 Шілде, 2020
“Атырау-Ақпараттың” жаңа директоры тағайындалды
Бүгін "Атырау-Ақпарат" ЖШС-нің директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды.
Руханият • 17 Шілде, 2020
Атырауда қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеуде жанын берген дәрігердің бірі – Жұмабек Дәулетов. Бала кезінен адам жанының арашасы болуды көздеп, Ақтөбедегі медицина институтына оқуға түсті. Алты жыл бойы жүрегі қалаған мамандығының қыр-сырына қанығып, еңбек жолын 1981 жылы Балықшы аудандық ауруханасында бастаған.
Экология • 17 Шілде, 2020
Атыраудың ауасы қашан тазарады?
«...Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам». Талантымен талайды тамсандырған бард-әнші Табыл Досымов бір әнінде дәл осылай шырқаушы еді. Қазір мұны атыраулықтар күн сайын айтады десек, қателесе қоймаспыз. Өйткені +40С-тан асатын аптап ыстығын айтпағанда, «Жығылғанға жұдырық» дегендей, Атыраудағы ауаның ластануы мен күкіртті сутектің жағымсыз иісі тұрғындардың шағымын тудырып отыр. Тұрғындар әсіресе, түнгі мезгілде ауадан күкірттің иісі шығатынын әлеуметтік желіде жазып-ақ жатыр. Оның үстіне мұнда жасыл желек те жоққа тән.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Атырауда “Сарайшық” базарынан өрт шықты
Облыс орталығындағы жалғыз коммуналдық базар бұдан бұрын да бір рет өртенген еді. Ал, бұл жолғы өрт облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, бүгін, 16 шілдеде сағат 14:52-де басталыпты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Атырауда COVID-такси қызметі іске қосылды
Елімізде бұл қызмет түрі алғаш рет Атырауда қолға алынып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, COVID-такси пневмония мен коронавирустан үйінде емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсете бастады.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Атыраудағы өзенде қайық аударылып, бір адам суға батып кетті
Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданында қайық аударылып, 1979 жылғы ер адам суға кетіп қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен үстіндегі оқиға кеше, 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болыпты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Атырауға Ресейден дәрігерлер келді
Қауіпті індеттің тіркелуінен алдыңғы орынға шыққан Атырауға жедел жәрдем беруге ресейліктер де бет бұрды. Бүгін мұнайлы өңірмен шекаралас орналасқан Астрахан облысынан бес дәрігер көмекке келді.