Аймақтар • 31 Мамыр, 2020
Атырауда 1 маусымда карантин алынады
Баршаның қозғалысын шектеген карантин Атырауда 8 маусымға дейін созылған еді. Алайда, енді карантинді 1 маусымда сағат 00:00-де мерзімінен бұрын алып тастауға ұйғарым жасалып отыр. Осыған орай облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев арнайы қаулыға қол қойды. Ол бұл қаулыға қол қоярда соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының 7 пайыздан төмен тіркелуін негізге алыпты.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2020
Жыл сайын өртенетін қоқыс алаңы тағы да түтінге оранды. Өткен түнде сағат шамамен 3:30-да тұтанған жалын қоқыс алаңының 100 шаршы метр аумағын шарпыды. «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің мамандары өртті бүгін таңғы сағат 7:00-дің шамасында сөндірді.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2020
Атырауда жоғалған бала жарты сағатта табылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында тоғыз жасар бала туысының үйінің ауласынан жоғалып кеткен.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Атырау: Індет жұқтырғандар саны 1024 адамға жетті
Теңіз кенішінде де, аудандарда да коронавирус инфекциясының тіркелуі тоқтар емес. Бұған өткен тәулікте 44 адамнан індеттің анықталуы дәлел бола алады.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Атыраулық полицейлер үш күнде 1,2 млн теңге айыппұл өндірді
Полиция қызметкерлері 25 мамырдан бері «Борышкер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Алғашқы үш күнде жүргізушілер тарапынан 161 құқық бұзушылық жасалыпты. Соған орай жүргізушілерге салынған 1 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Атырауда өзен порты жұмысын қайтадан бастады
Бұдан бес жыл бұрын Атырау өзен портының жұмысы тоқтаған болатын. Оның басты себебі – Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмысының жүргізілмеуі.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Атырау: Полицейлер екі күн тегін маска таратты
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 27-28 мамырда Атырау қаласында 200 медициналық масканы тегін тарату акциясын өткізді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Атырау: Полицейлер қаруы бар азаматтарды тексерді
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда 700-ге жуық азаматтың атына қару тіркелген. Тәртіп сақшылары «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде қаруды сақтау ережелерінің орындалуын басты назарға алды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Атырау: ҰБТ тапсыруға 4 211 түлек өтініш берді
Биыл мектепті 5 286 түлек бітірді. Олардың 4 211-і ҰБТ тапсыруға өтініш беріп отыр. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, бұған қоса колледждерді бітіретін 834 түлек те ҰБТ тапсырады.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Атырау: Ауыл әкімдерінің көлігі жаңарады
Бұған дейін Қызылқоға ауданының әкімдігі 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған еді. Соның ішінде әрқайсысының құны 5 млн теңгеге бағаланған «Нива» маркілі 10 көлік бар. «Нива» көліктері 10 ауылдық округтің әкімдеріне берілгелі отыр.