Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2405 материал табылды

Жоба • 14 Ақпан, 2023

Кәсіпке баулыған «Әрекет»

Атырау облысында «Әрекет» жобасы аясында жалғызілікті, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 100 ана сұранысқа ие кәсіптерді үйренді. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіретін отан­дық кәсіпорын 48 млн теңге қаржы бөлген жоба өткен жылы қолға алынған.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2023

Жұмысшыны жабырқатқан жалақы

Еңбек дауының басты себебі жұмысшыларға жалақы төлеудегі алалаудан туындайды. Атырау облысында еңбекақыны мерзі­мінде бермей, жұмысшыларын жабырқататын кәсіпорындар аз емес.

Қоғам • 07 Ақпан, 2023

Сөз өнерінің суреткері

Әдебиет те жалынан ұстатпайтын тарпаң асау секілді. Кез келген қаламгердің бағын әп-сәтте аша қоймайды. Десек те ұлт руханиятына нәр беретін әдебиетке өзгеше қолтаңбасымен келген, артына өшпейтін мол шығармашылық мұра қалдырған қаламгерлердің қатарында академик Зейнолла Қабдоловтың есімі сөз өнерінің суреткері ретінде аталады. Ол – шәкірттері үшін өз уақытын аямаған, әдебиетке адалдығынан жаңылмаған, адамдық айнасына қылаудай дақ түсірмеген бекзат болмысты жан.

Төтенше жағдай • 07 Ақпан, 2023

Су басу қаупі жоқ

Атырау облысында жыл сайын Жайық пен Ойыл, Қиғаш, Жем мен Сағыз өзендерінде болуы мүмкін су тасқынына қарсы қамданыс жасалады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, биыл су айдындарында тасқын қаупі туындамайтынына болжам жасалып отыр.

Аймақтар • 02 Ақпан, 2023

Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр

Қойнауы мұнай мен газға толы Атырау облысында әлі күнге дейін көгілдір отынның игілігін көре алмай отырған ауылдар бар. Сондай ауылдардың дені Қызылқоға ауданында орналасқан. Ел тәуелсіздігін алғаннан бері Мұқыр ауылдық округінің Сарқұмақ, Соркөл, Тасқұдық, ал Сағыз ауылдық округінде Қоңыраулы, Кенбай, Былқылдақты елді мекендері елеусіз қалып келеді.

Бизнес • 31 Қаңтар, 2023

Кәсіпкерлікке не кедергі?

Мемлекеттің басты саясатының бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті экономиканың жетекші саласына айналдыру. Бұл орайда кәсіп иелерін қолдауға баса мән беріліп отыр. Алайда кәсіпкерлердің адымын аштырмайтын кедергілер әлі де азаяр емес. Неге?

Білім • 31 Қаңтар, 2023

ТіkTok және мұғалім әдістемесі

Мектепте ер мұғалім көп емес. Саусақпен санарлықтай аздың бірі – Ислам Қадыров. Қазір ол Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында ағылшын тілінен дәріс береді.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2023

Септігі мол цифрлық карта

Атырау облысында өткен жылғы қыркүйекте «Отбасының цифрлық картасы» қанатқақты жобасы іске қосылған еді. Бүгінде жаңа жобаның тиімділігі байқала бастады.

Өнер • 24 Қаңтар, 2023

Көне қоржынның кереметі

Қазақтың этнографиялық құндылығын танытатын жәдігердің қатарында қолөнер шеберлерінің тоқыма бұйымдары да бар. Соның дәлеліндей, көнеден жеткен қоржындардың бір тобы қазір Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр. Өткен аптада музей қызметкерлері 20-ға жуық қоржынды жұртшылық назарына ұсынды.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Қанатқақты жоба – Атырауда

«Құқықтық көмек» қанатқақты жобасының заңгерлері Атырау облы­сына арнайы барып, өңір тұрғындарын толғандырған мәселелерге құлақ түрді.