Аймақтар • 10 Наурыз, 2023
Ортағасырлық Сарайшық қалашығы көне тарихтың көмбесіндей көрінеді. Өйткені жыл сайын құнды жәдігерлер табылатын тарихи мекеннің жұмбаққа толы сыры әлі толық ашылған жоқ.
Медицина • 09 Наурыз, 2023
Қымбат дәріге қор арқылы қол жеткізді
Денсаулықтан қымбат байлық болмас, сірә. Тән саулығының қадірін басы ауырып, балтыры сыздаған жан біледі. Әсіресе оң-солын әлі тани қоймаған балалар ауырмасын деңіз.
Төтенше жағдай • 09 Наурыз, 2023
Атырау облысында су айдыны тым көп емес. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, көктемгі су тасқынының қаупі Жайық, Ойыл, Қиғаш, Жем және Сағыз өзендерінен төнеді.
Еңбек • 07 Наурыз, 2023
Алғысқа бөленген етікші келіншек
Маңдай терімен табыс табатын қарапайым мамандық иелерінің қатарында етікші де бар. Бірақ етікшінің еңбегін кім елеп жатыр? Жұрт күнделікті киіп жүрген аяқкиімінің сырмасы бұзылып, ұлтаны тозса ғана етікшінің көмегіне жүгінеді.
Тағайындау • 07 Наурыз, 2023
Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды
Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы қызметіне Әбіл Жоламанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үміт • 06 Наурыз, 2023
Ержүрек Ертөстік екі адамды ажалдан арашалап қалды
Құрманғазы ауданында тұратын Ертөстік Қаленовті бейбіт күннің батыры деуге болады. Өйткені суға батып бара жатқан екі адамды бір өзі құтқарып қалды. Аман қалғандардың бірі – ауылдас әйел болса, екіншісі – мектеп оқушысы.
Баға • 06 Наурыз, 2023
Азық-түлік бағасы қымбат өңірдің қатарында Атырау облысы да бар. Бұл өңірден арзан нәрсені табу қиынға соғады. Мұнда киімнің де бағасы ұшып тұр.
Экология • 03 Наурыз, 2023
Жұтар ауа жұпар болса... немесе табиғатқа жасалған тағылық тоқтар емес
Атырау облысында мұнай мен газ секілді көмірсутекті шикізаттың қоры көп болғанымен, ауасы жиі ластанады. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, ауа бассейнін бүлдіретіндердің 87 пайызын ірі компаниялар құрап отыр. Оның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорны да бар. Екіншіден, мұнайлы шаһарды көгалдандыру ісі қарқын алар емес. Жасыл желектің аздығынан Атырау қаласын ала жаздай шаң басып тұрады.
Кәсіпкер • 01 Наурыз, 2023
Мұнайлы өңірдің орталығы – Атырау қаласынан алыстағы Жанбай ауылында тұратын Айнұр Сисекенова жаңа өнім шығаруды қолға алды. Жаңа өнім дегенде, қалбырға салынған түйе еті туралы айтып отырмыз.
Туризм • 01 Наурыз, 2023
Лотосты көрген де арманда, көрмеген де арманда
Табиғаттың таңғажайыбын тамашалап, киелі мекендер тарихымен танысуға асығатын туристердің дені Атыраудағы ортағасырлық Сарайшық қалашығына бет бұрады. Бұған қоса «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Нарын құмы, Индер ауданындағы Махамбет кесенесі мен тұзды көл, Қиғаш өзенінде гүлдейтін лотос алқабы мен Ақкегершін борлы тау сілемдері саяхатшылар назарына жиі ілігеді. Тіпті Жылыой ауданында орналасқан Құлшан ата жерасты мешіті мен Бекет атаның кіндік қаны тамған Ақмешіт, «Алтын адам» табылған Аралтөбе қорымы, Иманқара үңгірі назардан тыс қалған емес.