
Спорт • 19 Шілде, 2024
Көшпелілер ойындары – мәдениетімізді жаңғырту жолы
Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. Дүбірлі додаға дайындық барысын «V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның» ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары Абылай Қондыбаевтан сұрап, мән-жайды білдік.
Спорт • 18 Шілде, 2024
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына (ДКО) әзірлік қызу жүргізіліп жатыр. Ұлттық спорт түрлерін қамтитын дүбірлі додаға 89 елден 2 мыңнан аса қатысушы келуге ықылас танытты.
Спорт • 18 Шілде, 2024
Үздіктеріміз Олимпиадаға аттанды
Санаулы күннен кейін Францияның Париж қаласында жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді. Қазақстан делегациясы батыс Еуропаға аттанды. Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті.
Бокс • 18 Шілде, 2024
Бокстан еліміздің қыздар құрамасы 21 шілде күні Парижге аттанады. Үш салмақта бұрымды боксшыларымыз жазғы Олимпиаданың медалі үшін додаға түседі.
Теннис • 16 Шілде, 2024
Әйелдер теннисі қауымдастығы әлемдік рейтингтің жаңартылған тізімін ұсынды.
Спорт • 16 Шілде, 2024
Орта салмақ бойынша WBO және IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу иегері кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында ауруханаға түсті. Әлем чемпионы өзінің атағын қорғап жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекке түсуі тиіс еді. Боксшының менеджері Берік Сұлтан Жәнібек Әлімханұлының салмақ тастау кезінде есінен танып, ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті.
Спорт • 16 Шілде, 2024
Қайсар жандардың қас қағым сәті
Париж жазғы Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды. 26 шілдеде ашылу салтанаты өтетін айтулы дода қарсаңында Астана қаласында көрме ұйымдастырылды. Қайсар жандардың дода үстіндегі қас қағым сәтін қалт жібермеген фотографтардың еңбегін жұртшылық жоғары бағалады.
Футбол • 16 Шілде, 2024
Испания – төрт дүркін Еуропа чемпионы
Дүниені бір ай бойы дүбірімен тербеген футболдан Еуропа чемпионаты да мәресіне жетті. Испания құрамасы құрлық аламанының ат басындай кубогін қанжығасына бөктерді.
Саясат • 12 Шілде, 2024
Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық бюросының денсаулық сақтау ұйымындағы табысты басқару дағдылары бойынша курс өтті. Шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен сырт ДДҰ Еуропалық өңірінің сегіз елінен қоғамдық денсаулық сақтау мамандары қатысты.
Спорт • 12 Шілде, 2024
Ресейдің Якутск қаласында VІІІ «Азия балалары» ойындары өтіп, еліміздің спортшылары 17 алтын, 31 күміс, 59 қола медаль олжалап, жалпы есепте 7-сатыға тұрақтады. 1996 жылдан бері тұрақты ұйымдастырып келе жатқан «Азия балалары» ойындарында Өзбекстан спортшылары 36 алтын, 31 күміс, 21 қола медаль еншілеп, жеке-дара көш бастады. Жасөспірім спортшыларымыздың жетістігін қомсынбаймыз, дегенмен спорттағы ізбасарларды даярлау ісінде ақсап тұрған мәселе де жоқ емес.