Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Digital • 10 Тамыз, 2024

Қаржыны қадағалайтын қосымша

Америкалық инвестор Роберт Кийосаки «Ақша – биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш» дейді. Ақша­ны ұқыпты ұстау, жинау – күллі адамзат қалауы шығар. Дегенмен де белгілі бір қиындықтарға жиі тап болып жа­­та­мыз. Бұл мәселе Нұрдәулетті де алаңдатқан. Ақыры ой­лана келе, ол қаржыны қадағалайтын «Kiris-Shyğys» қосым­ша­сын жасаған.

Таным • 09 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Жолы болғыш адам

Қазақ «Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жоқ өлмейді» дейді. Бұл сөз­дің хорватиялық Фране Селакке қатысы бар.

Елорда • 09 Тамыз, 2024

Астана мектеп салудан озып тұр

Астанада салынып жатқан мектептердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық оқушыға арналған 30-дан аса мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Ғылым • 09 Тамыз, 2024

Геномдық зерттеудегі маңызды қадам

Генетикалық зерттеу мемлекет әлеуетінде, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. «CNN»-нің зерттеуіне сүйенсек, Қытай ауруларды емдеудің жаңа әдісін табу жолында генетикалық зерттеудің алтын кеніне айналған. Олар онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін, инновациялық препараттар мен вакциналарды әзірлеуге миллиардтаған доллар инвестиция жасап жатыр. Бұл бағыттың бізге де ауадай қажет екені анық. Сол себепті де Ұлттық биотехнология орталығының базасында заманауи құралдармен жабдықталған, генетикалық, онкологиялық ауруларды диагностикалаудың инновациялық әдістерін әзірлейтін «Astana Genomic Centre» генетикалық зертханасы ашылды. Зертханаға құны 1 миллион доллар тұратын арнайы құрылғы алынған. Мұны пайдалана алатын мамандар да бар.

Таным • 08 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Мейірімді чемпион

Жеңіс жолында спортшылар бәрін ұмытады. Барын салады. Тек Бобби Пирс ондай болған жоқ...

Таным • 07 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Будандасқан 40 ағаш

АҚШ-та бір ерекше ағаш бар. Оның бұтақтары көктемнің әртүрлі кезеңінде гүлдейді. Се­бе­бі профессор Сэм Айкен оған 40 ағаш­ты будандастырған.

Digital • 07 Тамыз, 2024

Жасанды жазушы

Бүгінде қалам ұстағандардың дені «Жасанды интеллект өнерді де басып алды» деген пікір айтады. Иә, бұл сөздің жаны бар. Тіпті Жапонияның белгілі әдеби сыйлығын алған Риэ Кудан өзіне «ChatGPT» көмектескенін айтқан еді. Ол «Акутагаваның» 17-лауреаты да атанған. Бұл үрдіс бізге де келді десем, артық айтпаған боламын. Себебі енді кез келген отандасымыз кітап кейіпкеріне айнала алады. Бір қызығы, ол кітапты жасанды интеллект жазады.

Digital • 06 Тамыз, 2024

Электронды маман

Технология қарыштап дамыған сайын кез келген сала мамандары жасанды интел­лектіні жетік меңгеруге күш салып жатыр. Адам өміріне қажет дүниені соның көмегімен жеңілдетіп, таңғаларлық жобалар жасап жүр. Соның бірегейі – Әрсен Қылышбек достарымен бірігіп жасаған «WhoockAI». Отандық стартап AI-бот арқылы IT-компаниядағы бағдарлама әзірлеушілерді оңай алмастырады. Жігіттер тапқырлығының арқасында «Microsoft» корпорациясының жарты миллион долларлық грантын жеңіп алған еді.

Таным • 06 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: 56 жастағы каратэші

Маңғыстау облысының тұрғыны 56 жастағы Үсенғали Молдағалиев Астанада өткен кёкушинкай-каратэден алғашқы Азия біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды.

Қоғам • 03 Тамыз, 2024

Жасанды интеллект тағылымдамасы

Қазір жасанды интеллектіге жастардың қызығушылығы әжептәуір артып келеді. Оның бір дәлелі – «Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект инс­титуты» тағы­лымдамасына түскен 500 өтінім.