Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
251 материал табылды

Спорт • 14 Желтоқсан, 2022

Жарысқа қатысқанның бәрі – жеңімпаз

Астанада Зейнолла Сә­нік атындағы мәде­ниет қорының жүлдесі және «Хабар 24» теле­арнасының 10 жылдық мерейтойына арналған БАҚ өкілдері арасында волейболдан турнир өтті. Сегіз команда қатысқан додада «Қаз­медиа» командасы топ жарды.

Сұхбат • 21 Қазан, 2022

Әділет Бәрменқұлов: Отандық футболға ауқымды реформа керек

Биылғы Ұлттар лигасында тамаша өнер көрсетіп, «В» дивизионына жолдама алған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттеріне қандай мақтау айтсақ та жарасады. Әрине, мұндай жетістікке жету үшін тек футболшылар ғана тер төккен жоқ. Бұл жерде отандық футболдың басы-қасында жүрген мамандардың да қажырлы еңбегін атап өту қажет. Солардың бірі Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов десек қателеспейміз. Біз Әділет Назарбайұлымен жүздесіп, көкейде жүрген сауалдарымызға жауап алған едік.

Спорт • 17 Қазан, 2022

Бес команда көктемгі бәсекелерге барады

Өткен аптада қазақ футбол жанкүйерлеріне арман болған Чемпиондар лигасының 4-тур ойындары өтті. Топтық бәсекеде күш сынасып жатқан Еуропаның ең үздік 32 командасының ішінен плей-офф бәсекесіне алдын ала жолдама алған бес ұжым анықталды. Атап айтсақ, «Манчестер Сити» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Бавария» (Германия), «Наполи» (Италия) және «Реал» (Испания) командалары келесі жылдың көктемінде ширек финалдық жолдамаларды сарапқа салады.

Спорт • 11 Шілде, 2022

Тоқтарбек Таңатқан: Олимпиадада топ жарып, халқымды қуантсам деймін

Жақында еліміздің бас қаласында бокстан Elorda-CUP халықаралық турнирі өтті. 10 мемлекеттен қатысқан дүбірлі додада Қытай құрамасы сапында 80 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Тоқтарбек Таңатқан финалға дейін жетті. Турнир аяқталған соң онымен әңгімелесудің сәті түсті.

Спорт • 29 Маусым, 2022

Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды

Бүгін еліміздің бас қаласында бокстан «Елорда кубогы» сарапқа салынады. Оған қатысуға Қазақстаннан бөлек алыс-жақын елден мықты деген тоғыз құрама өтініш білдірген. Байрақты бәсеке алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановты әңгімеге тартқан едік.

Спорт • 27 Маусым, 2022

Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады

Бұрнағы күні, яғни 26 маусымда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан Гранд Сламның кезекті турнирі аяқталды. Әлемнің 29 елінен 271 дзюдошы қатысқан халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары төрт қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық спорт • 08 Сәуір, 2022

Жастар өзара мықтыны анықтады

Нұр-Сұлтан қаласындағы №87 Абай атындағы мектеп-гимназиясында жастар арасында (17, 19 және 21 жас) тоғызқұмалақтың блиц, рапид, классика түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті.

Спорт • 07 Сәуір, 2022

БАҚ лига: Оныншы маусымы мәресіне жетті

Елордада футзалдан Қазақстан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga чемпионатының Х маусымы мәресіне жетті. Төрт айға созылған дүбірлі додаға барлығы 13 команда қатысып, «Қазмедиа» орталығы чемпион атанды.

Спорт • 30 Наурыз, 2022

Әлемдік додаға қатысады

Таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.

Футбол • 30 Наурыз, 2022

Соңғы минутта есепті теңестірді

Футболдан еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде өз алаңында Шотландиямен кездесті.