Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Ауыл • 01 Қараша, 2023

Ойсылқара баққан ауыл

Жыл он екі ай түйе сауып, кәсіп қылып отырған Манарбек Құрметұлының киіз үйі Зайсан қаласына жақын, күре жолдың бойында тұр. Біз бұрылғанда Манарбек мотоцикліне мініп, жайылымдағы түйелерін қайырып келуге асыққан.

Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Түрмеге бірнеше смартфон лақтырмақ болған

Өскемен тұрғыны сотталғандарға SIM картасы бар бірнеше смартфон лақтырмақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қазан, 2023

Азаматтар алғыс арқалады

Республика күніне орай Өскеменде мерекелік концерт өтіп, әр ауданның үздік мамандары марапатталды. Құрмет көр­гендердің ішінде басшылық қызметтегілер ғана емес, қатардағы қара­пайым орманшы, меха­ни­заторлардың да еселі ең­бегі ескерілді.

Спорт • 30 Қазан, 2023

Байрақты тауда бақ сынасты

Өскеменнің күншығысынан менмұндалап тұратын «Қа­зақстан» тауының ұшар басына жүгіріп шығудан сайыс өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған «Oskemen Run 2023» марафонына әуесқой спортшылардан бастап, кәсіби атлеттерге дейін қатысты.

Аймақтар • 23 Қазан, 2023

Сақар сабын

Күзге салым көрші-қолаң жиналып, сақардан сабын қайнатуды қойғалы қай заман? Зайсан ауданы, Қайнар ауылының тұрғыны Бибәтима Ыбырайхан ғана ғой деймін, ұмыт болған ұлттық технологиямен сабын өндіріп отыр. Табиғи сабынға сұраныс та жоғары.

Аймақтар • 23 Қазан, 2023

Кеншілер әулеті

Риддер қаласындағы мырыш зауытында Аушиновтар әулетінің табан аудармай сабақтаса жұмыс істесіп келе жатқанына жарты ғасырдан асқан. Әуелде осыдан елу жыл бұрын аталары Мәлік Аушинов металлургия кешенінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықса, бүгінде жиен немересі Ринат Ерболов вельцпеш цехында аппаратшы болып қызмет етеді. Жалпы, бұл кәсіпорында әулеттің оннан аса мүшесі маңдай терін төгіп жүр.

Аймақтар • 17 Қазан, 2023

Сапасыз үй сарсаңы

Айтты-айтпады, Шығыс Қазақстанның құрылыс саласында сапа жоқ. Әсіресе әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтерген тұрғын үйлердің қабырғалары қақырап, төбелерінен су кетеді де жатады. Күні кеше ғана Зайсан қаласындағы көпбалалы отбасыларға берілген бірнеше үйдің төбесінен су ағып, тұрғындардың мазасын қашырған.

Аймақтар • 15 Қазан, 2023

Сауыр-Сайқандағы құсбегілер сайысы

Иә, бұл күні Сауыр-Сайқанның баурайында еліміздің әр өңірінен ат терлетіп жеткен құсбегілер мен тазы баптаған азаматтардың басы қосылды, бағы мен бабы сыналды. Айта кетейік, Зайсан ауданында бүркітшілердің дүбірлі додасы тұңғыш рет ұйымдастырылған.

Аймақтар • 10 Қазан, 2023

«Қазпоштадан» қолдау бар

Елдегі байланысқа жауапты «Қазпошта» қызметінің құрылғанына биыл 30 жыл толыпты. Әрі 9 қазан – Пошта күні. Осынау мерейлі датаға орай Шығыс Қазақстандағы «Қазпошта» АҚ филиалында БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мұнда бірқатар мәселелер талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды.

Үкімет • 09 Қазан, 2023

Шығыс өңірін дамыту кеңесі

Премьер-министр Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.